Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазан айынан бастап 2 миллион жасөспірім коронавирусқа қарсы екпе алады

Қазан айынан бастап 2 миллион жасөспірім коронавирусқа қарсы екпе алады

Қазан айынан бастап 2 миллион жасөспірім коронавирусқа қарсы екпе алады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, 12 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер ата-анасының немесе асыраушысының рұқсатымен ғана егіледі, — деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Жасөспірімдерге салуға болатын әлемдегі жалғыз вакцина америкалық Pfizer Қазақстанға жылдың соңында әкелінеді деп жоспарланып отыр. Алексей Цой қазір мыңдаған азамат балаларына вакцина салғызуды сұрап отырғанын айтты. Өйткені, вирустың «Дельта» штамы тек ересектер ғана емес, балалар арасында да жылдам таралуда.

Дәл осы мутациялық вирустан Солтүстік Қазақстан облысында таяуда 1 жастан асқан бөбек қайтыс болды. Дәрігерлер кішкентай балаға вирус ата-аналарынан жұққанын хабарлады. Жыл басынан бері Қазақстанда 34 мың бала коронавирус жұқтырып, оның екеуі көз жұмған. Қазір 558 бала стационарлық ауруханада емделіп жатыр. Вирус жұқтырған жаңа туған 13 нәресте дәрігерлердің бақылауында болса, 4 сәбидің жағдайы ауыр.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жасөспірімдерге вакцина салу арқылы балалардың ғана емес, вакцинаға қарсы көрсетілімі бар ересектердің де өмірін сақтап қалуға болатынын мәлімдеді. Айта кетейік, Pfizer екпесі 12 жасқа толмаған балаларға салынбайды.
24 шілде 2021 ж. 1 045 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 146

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031