Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкімдер сайлауына он кандидат тіркелген

Әкімдер сайлауына он кандидат тіркелген

- Қазіргі таңда Қазалы ауданы бойынша аудандық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 25 маусымдағы №АСК-67/100 қаулысымен 2021 жылғы 25 шілдеге Ғ.Мұратбаев, Қарашеңгел және Өркендеу ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалған. Сайлау өтетін үш округ әкіміне барлығы 10 кандидат құжаттарын тіркеген. Оның ішінде «Нұр Отан» партиясының Қазалы аудандық филиалы 2, «Ақ ЖОЛ» партиясы 1 және «Ауыл» партиясынан 1 адам кандидаттыққа ұсынылса, қалған 6-ы өзін-өзі ұсынған.
Бұл туралы бүгінгі Ауыл әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралыөткізілген брифингте Қазалы аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Иманбаев Қази Кеңесбайұлы айтып берді.
- Бүгінгі таңға Ғ.Мұратбаев ауылдық округі әкіміне-3 кандидат, Қарашеңгел ауылдық округі әкіміне-4 кандидат, Өркендеу ауылдық округі әкіміне-3 кандидат тіркелді. Тіркеу аяқталған сәттен бастап үгіт жұмыстары басталып кетті.
Ағымдағы жылдың 5 шілдесіне Ғ.Мұратбаев ауылдық округі бойынша 926, Қарашеңгел ауылдық округі бойынша 961, Өркендеу ауылдық округі бойынша 787 сайлаушылардың тізімі жасақталып, учаскелік сайлау комиссияларына берілді.
10 шілдеден бастап осы округтар бойынша сайлаушылар учаскелік сайлау комиссиясына барып, өзінің тізімде бар-жоғын білуіне болады. 15 шілде, яғни бүгіннен бастап аталған округтер бойынша сайлаудың өтетін орны мен уақыты көрсетілген шақыру қағаздары сайлаушыларға таратыла бастайды.
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауында дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі барлық шаралар жүзеге асырылатын болады.
Қазіргі таңда аталған округтердегі барлық комиссия мүшелеріне қажетті қорғаныш құралдары (маска, халат, қорғаныш бетперде, қолғап, антиспектиктер) берілді.
Дауыс беруге келген сайлаушылар арасында санитарлық талаптар сақталып, жергілікті атқарушы органдар тарапынан бір реттік маска және ручкалармен қамтамасыз етілетін болады.
Биылғы сайлаудың ерекшелігі сайлау бюллетенінде кандидаттардың барлығына қарсымын бағаны енгізіліп отыр. Яғни, сайлаушы сайлау бюллетеніне енгізілген кандидаттарға көңілі толмайтын болса, бәріне қарсымын бағанын белгілесе болады.
"ҚАЗАЛЫ"ақпарат
15 шілде 2021 ж. 608 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031