Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады.

Президентке Қарулы Күштердің қазіргі жағдайы мен әскери дайындығын арттыру шаралары туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан армиясының заманауи қару-жарақтармен және техникамен жабдықталуы, инфрақұрылымдық дамуы, цифрландырылуы, ақпараттық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі және бітімгершілік бөлімдердің дайындығы жөнінде мәлімет берілді.
Нұрлан Ермекбаев дамыған мемлекеттер армиясының құрылымына жасалған талдау жұмыстарын ескере отырып, Қорғаныс министрлігі «Армияны жаңғырту» жобасын ұсынатынын хабарлады. Ұлттық жобаның жүзеге асырылуы армияның әскери әлеуетін арттыруға, белгілі бір дәрежеде әлеуметтік-экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге зор мүмкіндік береді.

Министр Жоғарғы Бас қолбасшының Әскери мақсатқа арналған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторын құру жайында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берді. Бірыңғай оператор әскерді, ресурстарды басқарудың автоматтандырылған жүйесінің үздіксіз әрі орнықты жұмыс істеуін, сондай-ақ, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сай келетін ақпараттық жүйе мен әскери мақсатқа арналған бірыңғай транспорттық ортаны қамтамасыз етеді.

Мемлекет басшысына бейбітшілікті қолдау операцияларына қатысатын әскери қызметшілердің дайындығы туралы ақпарат берілді. Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру аясында БҰҰ миссиясы бағытындағы қызметте мейлінше сұранысқа ие әскери-медициналық, инженерлік, барлау және әскери полиция сияқты бөлімдердің дайындығы пысықталуда.
Кездесу қорытындысы бойынша Жоғарғы Бас қолбасшы Қарулы Күштердің әскери әлеуетін арттыруға және қазіргі сын-қатерлер мен қауіптерді ескере отырып, оларды сапалы дамытуға, армияны жабдықтауға, Қазақстанда қару-жарақтың бірнеше түрін шығаратын қорғаныс-өнеркәсіптік кешенімен ықпалдастық орнатуға, сондай-ақ, Қарулы Күштерді цифрландыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу және полигондарды пайдалану үшін өзге елдердің әскери ведомстволарымен бітімгершілік қызмет пен халықаралық ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
05 ақпан 2021 ж. 6 811 0

Ротация туралы не білеміз?

03 желтоқсан 2024 ж. 53

Ерекше жандар ескерілді

03 желтоқсан 2024 ж. 81

Тәуелсіздікті ту етемін

02 желтоқсан 2024 ж. 82

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031