Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Қызылорда гарнизонында

Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Қызылорда гарнизонында

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Т.Қойбақов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрамалары мен әскери бөлімдеріне жұмыс сапарының жоспарына сай Қызылорда гарнизоны әскери бөлімінде болды.
Негізгі мақсат –әскери бөлімнің қысқы оқу кезеңдегі жауынгерлік, оқу-материалдық, техникалық базаларының дайындық барысы мен моральдық жай күйін тексеру. Бөлімдегі санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қалай ұйымдастырылғанына да назар аударылды.Сапар барысында Құрлық әскерлері бас қолбасшысының комиссиясы түрлі бағыттар бойынша қысқы кезеңдегі атқарылып жатқан жұмыс нәтижелерімен танысты.
Әскери бөлімде генерал-майор Т.Қойбақов жеке құрам басшылығымен кездесті.Әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларымен танысып, бөлімнің өткен оқу жылындағы жеткен жетістіктерін сақтап қалу жолында еңбек етуге шақырды. Техникалардың, қару-жарақтардың, техникалық қызмет көрсету пункттерінің және әскери бөлім асханасыныңжұмыстарына ерекше назар аударды.
«Әскери бөлімнің қару-жарақ, оқ-дәрі сияқты қоймаларын тексеріп шықтым.Тазалық пен қауіпсіздік ережелерінің жұмысы дұрыс ұйымдастырылған. Бөлімнің техникалық пунктері мен әскери қызметшілері асханасының қызмет ету сапасы да өз деңгейінде. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен әскерилердің моралдық күйі басты назарда болуы тиіс. Әскери қызметшілеріміздің жауынгерлік дайындығы, қауіпсіздігі мен әлеуметтік жағдайы үшін барлық кездесетін келеңсіздіктермен тез арада нәтижелі күрескен жөн», - деді бөлім ұжымымен кездесу барысында Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Т.Қойбақов.
Сапар соңында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы Қызылорда гарнизоны әскери бөлімі командиріне әскерлердің күнделікті қызмет іс-шараларының сапалы орындалуына қатысты бірқатар тапсырмалар берді.
Мұхит ҚОНАРОВ,
Қызылорда гарнизоны баспасөз
қызметінің бастығы сержант 
25 қаңтар 2021 ж. 3 190 0

Ебін тапқан, екі асайды

27 шілде 2024 ж. 42

Ажарлы мекен Аранды

27 шілде 2024 ж. 41

Анаға тағзым

27 шілде 2024 ж. 45

Меже мен мүмкіндік

27 шілде 2024 ж. 46

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031