Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі вакцинациялау жұмыстарының барысымен танысты

Аудан әкімі вакцинациялау жұмыстарының барысымен танысты

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудандағы вакцинациялау жұмыстарының барысымен танысты.

Алдымен Қазалы қаласындағы «Шипагер» емханасына арнайы барып, дәрігерлермен тілдесті. Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда «Шипагер» емханасында тұрғындарға екпе егу үшін вакциналар жеткілікті. Екпе егу жұмыстарын жүргізуге барлық жағдайлар жасалған. Тұрғындардың күту залы, егу бөлмесі мен екпе алғандардың жай-күйін бақылайтын арнайы орын қарастырылған.

Аудан басшысы мұнан соң аудан орталығындағы «Болат жолы» емханасына да ат басын бұрып, вакцина алған тұрғындармен кездесті.
Кездесуде Мұхтар Әуесұлы жұқпалы індетпен күресуде вакцинаның маңызы жоғары екенін айтты. Ал тұрғындар болса, өздерін және айналасындағы отбасы мен туған-туыстарын вирустан қорғау үшін вакцина алып жатқандықтарын жеткізді.

Қызылорда облысы бойынша 200 000 вакцина алушы Қазалы ауданындағы «Болат жолы» емханасында тіркелген. Екпе алушы 73 жастағы Әйтеке би кентінің тұрғыны Ұрқия Тайпаққа Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақыткүл Әлішева бағалы сыйлықтарын тапсырды.
Аудан басшысы ардагер ұстаз Ұрқия Тайпаққа жасының үлкендігіне қарамастан вакцина алғаны үшін алғысын айтып, көпке үлгі болып отырғанын тілге тиек етті.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевқа теміржол емханасындағы вакцинациялау жұмыстары туралы Қазалы теміржол ауруханасының бас дәргері Айгүл Құлмағамбетова айтып берді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
17 шілде 2021 ж. 455 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 46

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930