Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Вакцина – індетті жеңудің төте жолы

Вакцина – індетті жеңудің төте жолы

Осы аптада аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте коронавирусқа қарсы вакцина егу жұмыстарын жандандыру мәселелері қозғалды. Басқосуда аудан басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың өршіп тұрғанына алаңдаушылығын білдірді.
– Қазір елде эпидемиологиялық жағдай жақсы емес. Республиканың үш қаласы мен тоғыз өңірі және біздің облыс коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша «қызыл» аймақта тұр. «Сары» аймақта Алматы және Жамбыл облыстары. Түркістан мен Шығыс Қазақстан облыстары «Жасыл» аймақта.
Кешегі күнгі мәлімет бойынша Қызылорда облысында 70 жағдай тіркелген. Оның 3-уі біздің ауданнан. Байқағандай індеттің үдеуі басылмай тұр. Вакцинациялау – вирустың таралуын азайтудың жалғыз жолы екенін денсаулық сақтау саласының мамандары, эпидемиологтар дабыл қағып айтуда. Дегенмен екпе салдыруға асығатындар қатары өте төмен, – деді аудан әкімі.
Мұнан соң ауданда вакцина дозасы жеткілікті екенін айтып, бұл іске немқұрайлы қарамауды тапсырды. Әсіресе, адам көп шоғырланған Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінде вакцина егу жұмыстары бір сәтке толастамау қажеттігін қатаң тапсырды.
– Індеттен құтылудың әзірге жалғыз жолы бар. Ол – вакцина салдыру. Қалыпты өмірге қайта оралу үшін екпенің маңызы зор деп есептеймін. Әр азамат өз денсаулығына, отбасына жауапты. Жалпы, ауырмайтын жол – тазалық, салауатты өмір салты, күтім, иммундық ахуалды ұдайы бақылап отыру. Осы қарапайым нәрселерді ұмытпасақ, еліміз аман, жұртымыз тыныш болады, – деген аудан әкімі Мұхтар Оразбаев мәжілісті қорытындылады.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі
17 шілде 2021 ж. 490 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 69

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930