Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Вакцина салдыру – індетті жеңудің жалғыз жолы

Вакцина салдыру – індетті жеңудің жалғыз жолы

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте коронавирусқа қарсы вакцина егу жұмыстарын жандандыру мәселелері сөз болды.

Басқосуда аудан басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдық өршіп тұрғанын сөз етті.
– Бүгінгі күні елімізде эпидемиологиялық жағдай жақсы емес. Қазіргі таңда еліміздің үш қаласы мен тоғыз өңірі коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша «қызыл» аймақта тұр. Біздің облыс Алматы, Жамбыл және облыстарымен «Сары» аймақта.
Кешегі күнгі мәлімет бойынша Қызылорда облысында 70 жағдай тіркелген. Оның 3-уі біздің ауданнан. Байқап отырғандарыңыздай індеттің үдеуі басылмай тұр.

Вакциналау – вирустың таралуын азайтудың жалғыз жолы екенін денсаулық сақтау саласының мамандары, эпидемиологтар дабыл қағып айтып жатыр, екпе салдыруға асығатындар қатары өте төмен, – деді Мұхтар Әуесұлы.
Мұнан соң ауданда вакцина дозасы жеткілікті бар екенін айтып, бұл іске немқұрайлы қарамауды тапсырды. Әсіресе, адам көп шоғырланған Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінде вакцина егу жұмыстары бір сәтке толастамау қажеттігін қатаң тапсырды.
– Індеттен құтылудың әзірге жалғыз жолы бар. Ол – вакцина салдыру. Яғни, қалыпты өмірге қайта оралу үшін екпенің маңызы зор деп есептеймін. Әр азамат өз денсаулығына, отбасына жауапты. Жалпы, ауырмайтын жол – тазалық, салауатты өмір салты, күтім, иммундық ахуалды ұдайы бақылап отыру. Осы қарапайым нәрселерді ұмытпасақ, еліміз аман, жұртымыз тыныш болады, – деген аудан әкімі Мұхтар Оразбаев мәжілісті қорытындылады.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
14 шілде 2021 ж. 341 0

Тиісіп қоймады ғой

15 сәуір 2024 ж. 76

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930