Қарлаңға қаражат келеді
Апта басында облыстан жағымды жаңалық жетті. Бұған дейін Сырдария өзенінің «Қарлаң» аумағында орналасқан қалқымалы көпір жергілікті тұрғындар мен өткіншілерді қамсыздық пен қауіпсіздіктен арылтатын. Жеті елді мекенде тұратын 8 мыңға жуық халық қатынайтын көпірінің аудан үшін маңызы зор. Жоқтан бар жасап, қос тарапты жалғаған, қайықтардан құралған өткел өмірге қауіптілігімен бірге, өзен суы тасыған, қысқы мұздаққа айналған уақытта қатыссыз қалдыратын.
Осындай түрлі кедергілерді басып өтуге арналған транспорт түріне бағытталған көпір табиғи кедергілерге төтеп бере алмайтын. Қазалы ауданыда мұндай көпірлердің саны үшеуі еді. Соның бірі «Әлсейіт» көпірі өткен жылы жаңаланып, Қазалы мен көршілес Арал ауданының 13 елді мекенінің 15 мыңға жуық тұрғынын жол азабынан құтқарды. Мұндай ауыртпашылық артта қалатын күнді «Қарлаңнан» өтетін жүргіншілер мен жолаушылар да күткеніне ұзақ уақыт болды.
Жақында жеткен жағымды хабар «Жол азабын жүрген біледі» дегендей, ертеңіне елең елдің айын оңынан тудырды. Көптен түйіні тарқамай келе жатқан құрылыс басталатын күн жақын. Республикалық бюджеттен қаржы қаралып, жоба құжаты қорытындысы шыққан. Облыстық мәслихат депутаты Ібайдулла Тілеп бұл мақсатта 4 миллард 465 млн қаржы қаралғандығын айтады. Халық қалаулысы мәселенің жақында бюджетте нақыталанатын жеткізді.
Тозығы жетіп, қаусаған көпірдің құрылысын жүргізу арқылы Өркендеу, Бірлік, Аранды, Бозкөл, Қызылқұм, Тасарық ауылдық округтері тұрғындарының аудан орталығымен тұрақты байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік тумақ. Егер жаңа жаңа нысан бой көтерсе, ауданның экономикалық дамуына да үлесін қосар еді. Бұған дейін түрлі жиындар мен басқосуларда күйттегені қара бастың қамты емес, «Қарлаңның» жыры болған жергілікті жұрт қашан салынатыны белгісіз бастамадан үлкен үміт күтеді.
Алтын МЕЙІРХАН