Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайда асықтың, құлыншақ?!

Қайда асықтың, құлыншақ?!

Қазақстанда адам өлтіргендерге қарағанда, өз-өзін ажалға итермелейтіндер саны әлдеқайда көп көрінеді. Халықаралық деректер бойынша 1950 жылдан бері суицид оқиғасы 60 процентке өсіпті. Осы дәйектер соңғы уақытта адамның өз-өзіне қол жұмсау жағдайы дүниежүзінің түкпір-түкпірінде ерекше белең алғанын байқатса керек. Соңғы кездері өзекті мәселенің жасөспірімдер арасында кең етек жаюы алаңдатуда.
Жасөспірім шақта кездесетін қиындықтарды көтере алмау, айналадағылармен тіл табыспау, психологияның толық қалыптаспағандығы және тағы басқа да себептерден өскелең ұрпақ арасында суицид артып отыр. Ауыр дерттің алдын алу үшін ата-ана, мұғалімдер, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер, салауатты өмір салтын қалыптастырушы мамандар, бұқаралық ақпарат құралдары бірлесе жұмыс атқаруы керек. Яғни жасөспірімдер мен жастар арасында осы тақырыпта дәріс, әңгімелесу, сұхбаттасу, кеңес беру, сұрақ-жауап сынды шаралардың көбірек жүргізілгені абзал.
­Суицидке баратындар көбінесе ішкі жан күйзелісін басынан кешіреді. Психикалық аурулар, көңіл-күйдің құбылмалығы, депрессиядан зардап шегеді. Сайып келгенде оларды болашақ өмір қызықтырмайды. Оның бастапқы белгілерін қалай аңғаруға болады. Мұндай қауіпті топқа өзара қарым-қатынасы жоқ жастар, «жалғыздыққа» ұшырағандар, күш көрсетуді әдет қылған девианттық немесе қылмыстық қылықтармен ерекшеленетін ішімдік немесе есірткі қолданатындар жатады. Өзін тым қатты сынауға алатын, жеке басының қорланғанын немесе қайғылы жағдайды басынан өткізген, өмірде алдына қойған табыстары мен күткен жетістіктерінің сәйкес келмеуінен уайымға салынғандар да жарық дүниеден баз кешеді.
«Үздік» синдромы ауыр науқастан немесе айналасындағылардың сырт айналуынан күйзелгендер өз-өзін өлтіру жайлы әңгіме мен тақырыпқа орай дауыстап қиялданады. «Ешкімге керегім жоқ», «бәрібір мені ешкім сағынбайды» деген оймен мазаланады, әдебиеттегі өлім мотивтеріне ден қойып, ең қымбат деген заттарын таратып береді.
Бұл ретте ата-аналарға берер кеңес – өмірде бәрін мінсіз істеу мүмкін емес. Қабілеттілік жететін жұмыстарды ғана мінсіз орындаңыз, қалғанын адал ниетпен, сапалы түрде істеңіз. Басқаларға да өз қалпын сақтауға рұқсат етіңіз.
Сүйікті адамыңызды, апа-іні, құрбыңызды түзетемін деп қиналмай-ақ қойыңыз. Әркімнің өз даралығына құқы бар. Әрдайым барлығынан артық, жақсы болу мүмкін емес. Бір нәрсе қолыңыздан келмесе, онда тұрған не бар? Өз қамалыңыздан шығыңыз. Көп адам оларды басқалар бағаламайды деп ойлайды. Бірақ өздері сол уақытта ішінен жабылып, ешкімге ашылмай жүретініне назар аудармайды. Кейде қателіктерге де жол берілуi керек. Сiз де тірі жансыз, жаңыла аласыз және бір рет жол бергеннен жаман болмайсыз.
Басқалар үшiн жақсылықты аямаңыз. Біреу қиындыққа ұшырап қалса, оған көмектесiңiз. Барлығы бірден бола қоймайды. Жүйкесі шаршаған адамдар қандай да болмасын iсті күрделi деп санап, оны бітіру үшін көп күш жұмсайды. Кішігірім мәселелерге назар аудармай, ең маңыздысынан бастаңыз. Ал ұсақ-түйекке жеткен кезде олар сізге соншалықты жеңіл көрінеді.
Суицидке талпынған адамға: «Ойлан, сенің өлімің жақындарыңа қандай қайғы әкеледі?» деп айтқанша, оның ойына мүмкін әлі келе қоймаған басқа шешімді салыңыз. Сіз ол адамның жан жарасын білдіретін сөздерін, мейлі ол уайым-қайғы, кінә, қорқыныш немесе ашу-ыза болсын, тыңдай білсеңіз, оған баға жетпес көмек бергеніңіз. Тіпті кейде жай ғана үндемей онымен бірге отырсаңыз да, бұл сіздің оған деген қамқорлық қатынасыңыздың, оның тағдырына немқұрайлы қарамайтыныңыздың дәлелі бола алады.

Г.ИЛЬЯШОВА,
Қазалы аудандық емхана психологі
26 маусым 2021 ж. 706 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930