Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 53019 адамға мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсетілді

Қызылордада 53019 адамға мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсетілді

Қызылорда облысында жыл басынан бері 53019 адамға мемлекеттік әлеуметтік көмек төленді. Мұнан өзге, қаржылай көмек алушылардың қатарындағы еңбекке жарамды 1024 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейрамбек Әбдікәрімов мәлімдеді.

«Өңірде 29 мыңнан астам көп балалы отбасы бар. Мемлекет тарапынан көп балалы аналардың беделін арттыру, мүгедектігі бар жандарды және аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында жәрдемақылар мен төлемдер жүйесі қарастырылған. Яғни, жыл басынан бюджеттен 56 840 аз қамтамасыз етілген азаматқа 1638,2 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленді», – деді Мейрамбек Жақсылықұлы.
Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер көмекке мұқтаж 6 564 адамға қаржылай қолдау көрсеткен. Бұған қоса, 7 отбасы тұрғын-үймен қамтамасыз етілген.
22 маусым 2021 ж. 634 0

Қазақстанда күн жылынады

18 наурыз 2026 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031