Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Төтенше жағдай: АӘК алатын отбасылардың балаларына 5647 теңгеден төленеді

Төтенше жағдай: АӘК алатын отбасылардың балаларына 5647 теңгеден төленеді

ҚР Президентінің берген тапсырмасына сәйкес Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету тәртібі туралы қағидалары бекітілді. Бұл туралы Өңірлік коммуикациялар қызметінің ақпарат алаңында Облыстық жұмыспен  қамтуды үйлестіру және әлеуметтік  бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.
«Қазіргі таңда атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар ай сайын кепілді әлеуметтік пакетпен қамтылып отыр. Сондай-ақ, төтенше жағдайға байланысты атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларындағы 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларына азық-түлік пен тұрмыстық заттар алу үшін ақшалай түрде әр балаға 5647 теңгеден төленетін болады. Бұған қоса, көмек алушылардың тізімі ақпараттық жүйе арқылы автоматтық түрде жасақталады.  Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтың  жеке есеп шотына аудару арқылы жүргізіледі. Яғни, жұмыспен қамту орталықтарына келудің қажеті жоқ»,- деді Талғат Тұрсынұлы.
Ескере кетейік, карантин жарияланған аймақтарда ғана (Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары) азық-түлік пен тұрмыстық жиынтық АӘК алатын отбасылардың ересек мүшелеріне беріледі. Оның ішінде, көпбалалы отбасыларға, барлық жастағы I және II топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға, мүгедек баланы күту мен айналысатын ата-аналарға берілетін болады.
27 наурыз 2020 ж. 829 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930