Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның тағы бір өңірі "жасыл" аймаққа өтті

Қазақстанның тағы бір өңірі "жасыл" аймаққа өтті

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Ақмола облысы "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа ауысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

15 маусымдағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы "қызыл" аймақта тұр. "Сары" аймақта Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан. Алматы мен Шымкент қалалары және Алматы, Ақмола, Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары "жасыл" аймақта. Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 757 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 402 996-ға жетіп отыр. Сонымен қатар, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирусты жұқтыру көрсеткіші 20 пайызға төмендегенін мәлімдеп, Қазақстан коронавирус дертінің таралуы және дерттен көз жұмғандардың саны бойынша әлемдік рейтинге нешінші орында тұрғанын айтып бергенін жазған едік.
15 маусым 2021 ж. 498 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031