Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді іріктеуге дауыс беру жарияланды

Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді іріктеуге дауыс беру жарияланды

Дауыс беру кезеңі 2021 жылдың 4 маусымнан 31 шілдеге дейін жалғасады. Қазақстанның Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы "Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату" мемлекеттік бағдарламасына ұсынылған кітаптарды алдын-ала іріктеуді бастады.

Мемлекеттік бағдарламаға ұсынылған кітаптарды қабылдау мерзімі 31 мамыр аяқталған болатын. Енді құжаттары мен қажетті материалдары ұсынылған шығармалар келесі – дауыс беру кезеңіне жіберілді. Дауыс беру кезеңі 4 маусымнан 31 шілдеге дейін жалғасады. Кітаптарға "Кітаптарды іріктеу – 2022" ақпараттық жүйесіне өтіп дауыс беруге болады.

Оқырмандар дауысының қорытындысын Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы жанындағы Тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелері ескереді. Дегенмен, оқырмандар дауысының қорытындысы шешуші рөл атқармайды.
Іріктеу келесі әдебиет түрлері бойынша жүргізіледі:

энциклопедиялық және анықтамалық әдебиет;
балалар және жасөспірімдерге арналған әдебиет;
мәдениет және өнер туралы әдебиет, оның ішінде ноталық әдебиет (ноталық шығармаларда ноталар шығарманың жалпы көлемінің 50% құрайды);
көркем әдебиет;
танымдық әдебиет;
қоғамдық-саяси әдебиет;
ғылыми-көпшілік әдебиет;
аударма әдебиет;
мерейтойлар мен атаулы күндерге арналған әдебиет;
Қоғамдық маңызы бар әдебиетті іріктеу өлшемшарттары мынадай:
  1. көркемдік құндылық;
  2. зияткерлік-білім беру және танымдық мазмұн;
  3. рухани-адамгершілік мәдениетті тәрбиелеу;
  4. тарихи шынайылық;
  5. берілген тақырыпқа сәйкес келетін сапалы иллюстрациялық және бейнелеу материалдар (болған жағдайда);
  6. аударманың әдебиеттің түпнұсқасына сәйкестігі.
10 маусым 2021 ж. 763 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 39

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 120

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031