Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 7 мыңнан астам тұрғын емханаға тіркелмеген

7 мыңнан астам тұрғын емханаға тіркелмеген

Облыс әкімдігінің ситуациялық орталығында облыс әкімінің орынбасары Балжан Шәменованың қатысуымен МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне байланысты штаб отырысы өткізілді. Оған денсаулық сақтау, білім, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат басқармаларының басшылары мен «ӘМСҚ» КЕАҚ облыс бойынша филиал директорының міндетін атқарушы Жұпар Алхожаева, аудан әкімдерінің орынбасарлары мен өзге де сала мамандары онлайн режимде қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Балжан Шәменова әлеуметтік медициналық сақтандырудың толық­тай енгізілгеніне біршама уақыт болса да, жүйенің іске асырылуында кедергілер барын айтты. Осы орайда тақы­рыпқа байланысты филиал дирек­торының міндетін атқарушы хабарлама жасады.

Бүгінде сақтан­дырыл­маған азаматтардың саны көбейген. Облыс бойынша 800 мың тұрғынның 654 мыңнан астамы сақтандыру мәртебесіне ие. Биыл­ғы 1 сәуірдегі дерек бойынша облыста МӘМС жүйесінде сақтан­дырыл­ма­ған­дар 141986 адамға жетіп, олар медициналық көмекті толық­қанды алу мүмкін­дігі­нен айыры­лып отыр. Осы орайда Жұпар Алхожаева сақтан­дырыл­ма­ған азаматтардың тізімін мәлі­мет үшін ай сайын қала­лық, аудандық әкімдіктер мен медициналық мекемелерге және облыстық кірістер депар­таментіне жолданып отырға­нымен, атқарылған жұмыстың мардымсыз екенін айтты. Алдағы уақытта халық арасында МӘМС пакетіндегі медкөмекті алмағаннан аймақтағы пандемия салдарынан онсыз да қордаланған әлеуметтік мәселелердің шиеленісуі мүм­кін екенін де ескертті. Ол баяндамасында қала мен аудандарда «МӘМС жүйесіне тарту» жұмысшы тобын құрып, оған жергілікті әкімшіліктің лауазымды тұрғаларын бекітіп, халық арасында күшейтілген ақпараттық-түсіндірме жолмен сақтандыру мәрте­бесіне өткізуді қолға алу керек деген пікір білдірді.

Сондай-ақ, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында күндізгі нысанда оқитын сту­денттер туралы мәліметтерді арнайы ғылыми-білім беру дерек­тер базасына тіркеу тура­лы тапсырмалар тиісті дең­гейде орындалмағаны айтыл­ды. Оқудан шығарылған неме­­се оқуға қабылданған жағ­дайда әр семестр сайын база­дағы мәліметтерді жаңар­тып отыру қажет. Биылғы 4 айда қордың облыстық филиалына «Қолдау-24/7» мобиль­­дік қосымшасы арқылы 29 студенттен өтініш түсіп, оларға уақытша сақтандыру мәртебесі берілген. Директордың міндетін атқарушының айтуынша, өңірде 7 мыңнан астам тұрғын емханаға тіркелмеген. Осы ретте облыстағы әрбір медицина ұйымында «бестіктер» құрылып, мамандар МӘМС жайлы каскад әдісімен мекеменің қызметкерлерін тұ­рақ­ты оқытуда.

Жиын барысында өзге сала мамандары тақырыпқа байла­нысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, сауалдарын жолдады. Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары МӘМС жүйесіне байланысты халық арасында үгіт- насихат жұмыстарын кеңінен жүргізуді тапсырды.

03 маусым 2021 ж. 320 0

ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды

26 желтоқсан 2024 ж. 90

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031