Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көп балалылар өз кәсібін бастады

Көп балалылар өз кәсібін бастады

Қазіргі таңда құрылыс саласында бірде-бір ғимарат пластикалық өнімсіз салынбайды. Себебі пластикалық бұйымдар ұзақ жылдарға дейін өңін бермейді, ыстық пен суыққа төзімді.Сондықтан болар біздің ауданда пластик өнімдерін шығаратын цехтар көптеп ашылған.

Жақында ғана аудан орталығынан шалғай орналасқан Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаев атындағы ауылда дәл осындай шағын цех ашылды. Оны осы ауылда тұратын көп балалы ана Гүлиза Аязбаева іске қосты. Ауылдағы цехты ашуға мемлекеттік бағдарламаның көп көмегі тиді.
–«Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 2 млн теңге мемлекеттік қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп, жаңа құрылғыларды сатып алдым. Осылайша аз ғана уақыттың ішінде жұмысымызды бастап кеттік. Бізге негізінен жеке адамдардан тапсырыс түседі. Әсіресе, үй салып жатқандар жиі хабарласады. Біз тұтынушының талғамына сай, терезені сапалы қылып салуға тырысамыз. Өнімнің сапасы жақсы болса, тұрғын риза болады. Ал тұтынушының көңілінен шығу – біз үшін үлкен мәртебе. Олар бір-біріне айтып, бізге жарнама жасайды. Осылайша клиенттеріміз көбейеді. Қазір терезе шығарушылар көп. Бәсеке мықты. Сондықтан ең алдымен сапаға мән береміз, – дейді Гүлиза Аязбаева.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
27 мамыр 2021 ж. 518 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031