Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде жалпы ішкі өнім өсімі біршама жақсарған

Елімізде жалпы ішкі өнім өсімі біршама жақсарған

2021 жылдың қаңтар-ақпанында жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны минус 2,9 пайызға дейін жақсарды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды egemen.kz
  «2021 жылғы қаңтар-ақпанда макроэкономикалық көрсеткіштер оң үдерісті көрсетті. Кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, нақты секторда өсім 6,3 пайызға дейін жеделдеді. Негізгі капиталға инвестиция кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, 13,3 пайыз өсті.
Жылдық инфляция 7,4 пайыз деңгейінде сақталды. Кен өндіру өнеркәсібінен басқа, нақты сектордың барлық салалары тұрақты өсім көрсетті. Олар: құрылыс, сумен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау және ауыл шаруашылығы салалары.
Сонымен қатар, ақпарат пен байланыс саласы 9,4 пайызға артты», - деді 2021 жылдың қаңтар-ақпанындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайында баяндаған министр. Оның атап өтуінше, осының нәтижесінде жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны осы жылғы қаңтардағы минус 4,5 пайыздан қаңтар-ақпанда минус 2,9 пайызға дейін жақсарды.
«Өңдеу өнеркәсібі салаларында тұрақты өсім сақталуда. Өсудің жеделдеуі машина жасауда - 21,2, құрылыс материалдары өндірісінде - 22,9, химиялық өнімдер өндірісінде - 14,1, пластмасса өнімдері өндірісінде - 14,2а, киім өндірісінде - 19,9, жиһаз өндірісінде - 15,7, фармацевтикада 9,2 пайызға дейін байқалады. Жоғарғы өсім автомобиль құрастыруда 19,6 пайыз деңгейінде сақталды», деді Әсет Ерғалиев.




11 наурыз 2021 ж. 2 470 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 39

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930