Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » COVID-19: 183 науқастың жағдайы өте ауыр

COVID-19: 183 науқастың жағдайы өте ауыр

Коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 13 мамырдағы ақпарат.

«13 мамырдағы мәлімет бойынша, 39 626 адам коронавирус инфекциясынан (39 143 КВИ+ және 483 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 124 пациент стационарда, 25 502 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда»,– деп жазылған COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарламасында. ВАК мәліметіне сүйенсек, олардың (КВИ+, КВИ- шалдыққандардың) арасында 788 адамның жағдайы ауыр, 183 пациенттің жағдайы өте ауыр, 116 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерекке тоқталсақ: 2021 жылғы 11 мамырдағы мәлімет бойынша 173 жаңа жағдай тіркелген, 5 жағдай өліммен аяқталыпты. 70 адам жазылып шыққан. «2020 жылдың 1 тамызынан бастап: науқастар саны – 53 757, өлім жағдайлары - 847, барлығы 52 427 адам сауығып шықты»,– деп жазылған хабарламада.



13 мамыр 2021 ж. 524 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930