Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сұранысқа ие ТОП-5 онлайн-мамандық

Сұранысқа ие ТОП-5 онлайн-мамандық

Қазір заманға сай ғаламторда жұмыс істеу – қалыпты нәрсе. Бірақ, жұмыстың алуан түрлілігі соншалық, қай сала маманы болуы үлкен сұрақ туғызады. Сонымен сұранысқа қандай онлайн-мамандықтар ие?

Карантин уақытында адамдардың көбі тұрақты табыс көзінен айырылды. Бұл үйде отырған адамдардың қашықтықта істей алатын жұмысты қарастыруына ықпал етті. Зерттей келе, көбі үйде отырып-ақ тұрақты табысқа шығуға болатынын түсінді. Қазір заманға сай ғаламторда жұмыс істеу – қалыпты нәрсе. Сондықтан, зерттей келе сұранысқа ие ТОП-5 мамандықты қарастырамыз:


1. SMM-менеджер
SMM – бұл Social Media Marketing, аударғанда әлеуметтік медиа маркетингін білдіреді. SMM менеджері – бұл әлеуметтік желілерден клиенттерді тартуға мамандандырылған интернет-маркетолог. Бұл әмбебап маман болғандықтан, әрдайым сұранысқа ие. Нарықта бұл мамандық иелері орташа есеппен 150 000-250 000 теңге алады.

2. Web-дизайнер
Түстер, пішіндер, қаріптер, анимация, басқа элементтер және олардың үйлесімі, сайтты немесе қосымшаны пайдалану ыңғайлылығы – веб-дизайнердің ісі. Онлайн дүкендер, компаниялардың сайттарын, парақшаларын рәсімдеп, бәрі үйлесімді әрі ыңғайлы болу үшін көп жұмысты талап етеді. Сондықтан web-дизайнердың жұмысы конверсияға, сондай-ақ өнімнің немесе брендтің есте сақталуына тікелей әсер етеді. Жалақысы орташа есеппен алғанда 150 000-300 000 теңге.

3. Таргетолог
Instagram, Facebook, ВКонтакте және т. б. әлеуметтік желілерде мақсатты аудиторияны таңдау, шығармашылық жарнама ойлап табу, көрсеткіштерді есептеу және жарнамаларды іске қосу үшін таргетолог маманы қажет. Жалпы таргеттық жарнама – өнім сататын парақшалардың ажырамас бөлігі. Себебі, бұл жаңа клиенттерді тауып, жеке бренд қалыптастыруға зор үлесін қосады. Табысы:200 000-300 000 теңге

4. Копирайтер
Бұл – сөз арқылы өнімді сатуға немесе оқырманды беттің соңына дейін жеткізуге қабілетті адам. Бұл мамандықты бірнеше бағытқа бөлуге болады: жарнамалық, ақпараттық және техникалық мәтіндер. Ғаламторда жаңа жұмыс істеуді бастап жатқандарға копирайтер мамандығына назар аударған жөн. Себебі, оған кірудің өте төмен шегі бар: жаңадан бастаушыға тапсырма табу қиын болмайды. Жалақысы орташа есеппен:150 000-250 000 теңге.

5. Жоба/өнім менеджері
Мен менеджерді әдейі соңына қалдырдым, өйткені сіз ғаламтормен тікелей жұмыс істейтін сан түрлі мамандық бар екенін көрдіңіз. Осы мамандардың барлығын біреу басқаруы керек. Бұл рөлді жоба/өнім менеджері атқарады. Алайда басқа мамандықтарға қарағанда, менеджер бірден бұл жұмысты атқара алмайды. Себебі, сіз бұл мамандардың қалай және не болып жатқанын түсіну үшін тізімнен бірнеше мамандықты игеруіңіз қажет, сонымен қатар клиентпен қалай жұмыс істеу керегін түсінуіңіз керек, өйткені жоба менеджері онымен өзара әрекеттеседі. Олар бұл жұмыстары үшін 300 000-400 000 - нан бастап алады.

Жалпы бұл – онлайн-мамандықтардың біраз ғана бөлігі. Олардың әрқайсысын өздігінен үйренуге болады, бірақ уақыт үнемдеп, бұл салада сапалы білім алу үшін арнайы курстарды оқып бітірген жөн. Әр жұмыстағыдай әрқайсысының жақсы мен жаман жақтары бар. Бірақ жақсы жақтары молырақ. Ғаламтор төрінде адамның жасына, жоғары оқу орнын аяқтауына немесе аяқатмауына қарамай, тек жұмыс сапасына қарайды. Сондықтан, ең бастысы – сапалы жұмыс!
12 мамыр 2021 ж. 1 631 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930