Жалға алынған гүл шоқтары: Тренд пе, әлде қасірет пе?
«Жігіттердің бойында қызғаныш сезімін оятқыңыз келеді ме? Құрбыларыңыздың қызыққанын қалайсыз ба? Арнайы сіз үшін 101 раушан гүлінен жинақталған сәнді гүл шоғын жеткіземіз. 100 пайыз жасырын түрде болатындығына кепілдік береміз! Гүл шоғы жеткізілгеннен кейін сізге селфи жасау үшін 15 минут уақыт беріледі. Гүлдерді жалдау құны — 3000 теңге. Астана қаласы бойынша жеткізуі тегін. Сенің инстаграмың үшін таңғажайып 101 гүл шоғы»,- дәл осы жазба гүл сататын дүкеннің жарнамасында пайда болған. Жазба астында телефон нөмір көрсетілген. Сол нөмірге біз хабарласып көрдік.
«Ең алғашқы тапсырыс берушіге 20 минут береміз. Қосымша 1000 теңгеге Gucci, Dolce&Gabbana, Chanel қораптарына тапсырыс беруге болады. Фотограф қызметін де ұсынамыз. Сізге қашан уақыт қажет болса сол уақытқа береміз», — деген жауап алдық. Фотографтың құны 2000 теңге екен. Кәсіпкер 101 раушан гүлін жалға алу астаналық қыздардың арасында танымал екенін атап айтты.