Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл келіні: Күйеуімнің қолы менікінен нәзік-ау...

Ауыл келіні: Күйеуімнің қолы менікінен нәзік-ау...

Ауыл келінінің жазбасы көпшіліктің назарын аударды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Ия бұл менің қолдарым. Ия, білемін, сүйріктей емес шығар бәлкім… Қолғап киіп, аяп жұмыс істейтіндей,нәзік те әппақ емес. Қойшы, сенің қолың емес, еркектің жуан қолы дейтін де шығарсыздар. Қаладан келген қайныларыммен амандасып, қолын қысқанда ұялып кетемін. Тіптен күйеуімнің де қолы менікінен нәзік-ау. Осы қолдарыммен үйімнің жұмысын, енемнің қабағын, күйеуімнің бабын жасап ақ жүрмін.
Балаларым үшін мамық жастықтай болса, тілімді қысқартып, қолымды ұзартып, аянбай адал қызметімді атқарамын. Қолдарым қалт етсе өмірден түйген әңгімелерді жазып, қарапайым өмірімнің бір бөлігін жазып,сіздермен бөлісіп, алғыстарыңызға бөленіп жүрмін, Аллаға шүкір. Күн санап қосылып жатқан оқырмандарым осынау шынайылығымның арқасы болар?! «Мынау кім өзі?», — дейтін оқырмандарға айтарым: мен жай ғана қарапайым келіншекпін. Өмірді сүріп,көпті көріп қоймасам да өз түйгенімді жазғанды ұнатам. Кереметтей сұлу емес шығармын, менің барым осы. Осылай жаратқан Құдайға мың да бір шүкір. Әдемі болмаса да сіз бен бізді жалғап отырған инстаграм мен қайыстай қара қолдарым аман болсын», — деп жазды Қапалдың келіні атанған Айдана есімді келіншек. 
06 наурыз 2018 ж. 2 676 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 153

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 139

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031