Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде нотариалдық құжаттар QR кодпен берілетін болады

Елімізде нотариалдық құжаттар QR кодпен берілетін болады

Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев Қазақстанда нотариустарда расталған құжатқа QR-код берілетінін мәлім етті, деп хабарлайды egemen.kz
  «Болашақта нотариустар қағаз мұрағатынан бас тартады. 2021 жылы 1 шілдеден бастап жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін барлық өңірге ортақ жүйе енгізіледі. Егер бұрын бұл мәмілелер орналасқан жері бойынша нотариуста куәландырылған болса, енді тараптар орналасқан жеріне қарамастан кез келген нотариус қызметіне жүгіне алады. Бұдан бөлек әрбір нотариус құжатына QR-код беріледі. Ол бірегей және құжатты бұрмалаудың алдын алады», деді ол.
Сондай-ақ электронды құжаттарға қағазға балама ретінде тең құқық беріледі.
«Бұл азаматтардың уақытын үнемдеуге және құжатты пошта және курьер арқылы жіберуден аулақ болуға мүмкіндік береді», деді Азамат Әмірғалиев.
Айта кетерлігі, құқықтар мен заңды талаптарды тоқтатуды тіркеу бір жұмыс күнінде қаралады. Бұл меншік иелеріне өз мүліктерін тез арада өткізуге мүмкіндік береді.
20 сәуір 2021 ж. 1 557 0

Екі облыста жол ашылды

23 наурыз 2026 ж. 126

Наурыз нақыштары

23 наурыз 2026 ж. 103

Төл мереке тойланды

23 наурыз 2026 ж. 112

Наурыз бата

23 наурыз 2026 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031