Жастар практикада шыңдалады
Шымкент қаласында іске асырылып жатқан «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты, яғни жұмыспен қамту шаралары бойынша жас мамандар қоғамдық жұмыстарға тартыла бастады.
Игілікті бастаманың жемісін көрген азаматтың бірі – Нұрай Зиябек. Былтыр Халықтар достығы университетін «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша тәмамдаған ол биыл ақпан айынан бастап «Қазақтелеком» АҚ Оңтүстік аймақтық телекоммуникация дирекциясының филиалына қоғамдық жұмысқа жолдама алған.
«Жоғары оқу орнын бітірген соң бірден жұмыс табыла қоймады. Бірақ жас маман ретінде «Жастар практикасы» бағдарламасы бар екенін біліп, алдымен жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп, сол бағдарлама арқылы «Қазақтелеком» АҚ филиалына жолдама алдым. Бұл менің алғашқы жұмыс тәжірибем еді. Бағдарламаға қатысқан соң осы жылы қоғамдық жұмыспен дәл сол мекемеде жұмысымды жалғастырып, тәжірибе жинақтап келемін», дейді 22 жастағы бағдарлама қатысушысы.
Ақылы қоғамдық жұмыстар азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылады. Аталған жұмыс алдын ала кәсіптік даярлауды талап етпейді және қатысу мерзімі 12 айдан аспайды. Жалақысы – 25 айлық есептік көрсеткіш (72 мың теңге) көлемінде.
Айта кетейік, жыл басынан бері қоғамдық жұмысқа 2 474 адамның 2 778-і жолданып, жоспар артығымен орындалған. Ал шаһарда жастар практикасымен жұмысқа орналасқан мамандардың да қарасы қалың. Көбіне екі қолға бір күрек іздеген жастар алысқа бармай туған қалаларында тәжірибе жинақтауда.
Ұлбике Илесова – мемлекеттік бағдарламаның жемісін көрген қала жастарының бірі. Жиырма жастағы қала тұрғыны өткен жылы М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжін заңгер мамандығы бойынша аяқтаған. Оқу бітірген соң бірден жұмыс таба алмай, ол жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген-ді. Ол осы жылдың наурыз айында Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығына жастар практикасы бағдарламасымен 6 ай мерзімге жіберілді.
«Жастар практикасының» мақсаты – ең алдымен, кәсіби тәжірибе жинау. Содан кейін өзін көрсету арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болу. Алдағы уақытта бойымдағы жауапкершілік пен іскерлігімнің арқасында тұрақты жұмысқа орналаспақ ойым бар», дейді жас маман Ұлбике Илесова.
«Жастар практикасы» уақытша жұмыс орны болып есептеледі. Бағдарламаға 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде жоғары оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім алған түлектері қатыса алады. Аталған бағдарламаға тек бір рет қатысуға болады. Шымкентте жыл соңына дейін бұл бағыт бойынша 2500 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.