Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл Қызылорда облысында 96 жоба жүзеге асады

Биыл Қызылорда облысында 96 жоба жүзеге асады

Аймақта 895 жұмыс орнын қамтитын 96 жобаны іске асыру жоспарлануда. Жоба құны – 13,8 млрд. теңге. Қазірге дейін 173,6 млн. теңге құрайтын 15 жоба іске асырылды.
 «Бүгінде өңір экономикасына инвестициялар тарту, жаңа жұмыс орындарын құру, салықтық базаны арттыру бағытындағы жұмыстар қарқынды жүруде. Мәселен, биыл 2023 жылға дейінгі облыстың экономикалық Даму жоспарына толықтырулар енгізіп, жобалар санын 265-тен 404-ке дейін арттырдық. Оның басым бөлігі ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге, дайын азық түлік және құрылыс тауарларын шығаруға бағытталған жобалар», – деді облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай.
Сондай-ақ, биыл «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы шеңберінде Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария және Шиелі аудандарына қарасты ауылдық елді мекендерде 13 инвестициялық жобаны іске асыруға 1,9 млрд. теңге қаржы қаралмақ. Жобалар жүзеге асса, 117 жаңа жұмыс орны құрылатын болады.
                                                     kyzylorda-news.kz
15 сәуір 2021 ж. 1 817 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 105

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930