Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тән саулығы – тазалықта

Тән саулығы – тазалықта

Өткен сенбі күні Қызылқұм ауылдық округінде көктемгі көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық айлығы бойынша сенбілік өтті. Кәукей және Ажар ауылдарындағы еңбек ұжымдары және тұрғындардың қатысуымен ауыл іші мен аулалар, су жүретін арықтар тазартылды. Ауыл әкімі мұны ең алдымен қоршаған ортаға деген жанашырлықтан, соң ауылдағы тұрғындардың денінің саулығы үшін жасалып жатқан игі іс деп бағалады.
«Таза табиғат» ұлттық жобасы аясында әр сенбі сайын арықтар тазартылып, тал егу де әдетке айналып келеді. «Таза Қазақстан» акциясы аясында еріктілермен бірге ауылдағы Манас, Қаракөл мен Шоракөпірдің айналасы қоқыстан тазартылған. Ал тазалықтың ақылы қоғамдық қызметкерлері ауылдың жасыл белдеуін, су тарататын 13 арықты қажетсіз заттардан аршыған. Қоршаған орта үшін жасалып жатқан бұл істің барлығы ауру-сырқаудың алдын алатыны сөзсіз.
Ауру жайы қозғала қалса, короновирус инфекциясының қайта өршіп келе жатқаны ойға оралады. Мүслім Кемаладинұлы ауылда індеттің таралуын алдын алу мақсатында үгіт-насихат жұмыстары да қарқынды жүргізіліп жатқанын хабарлады.
– Covid-19-дың таралуына байланысты ауыл тұрғындар, мекемелер мен еріктілерден жасақталған жұмысшы топ бар. Олар күнделікті қоғамдық орындар мен мекемелерде, адам көп шоғырланатын орындарда рейдтік шаралар жасап жүр. Сонымен бірге қоғамдық көліктерде арақашықтықты сақтап, бетперде тағуды ұдайы еске салып жүр. Қазіргі таңда дыбыс күшейткіш аппаратпен індет ахуалы тұрғындарға хабарлануда, – деді Қызылқұм ауылдық округінің әкімі.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
14 сәуір 2021 ж. 2 167 0

Алтынның құны тағы көтерілді

12 желтоқсан 2025 ж. 114

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 217

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 152

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031