Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірлігі бекем Басықара

Бірлігі бекем Басықара

Мұндай жұмысты Басықара ауылдық округі де жалғастыруда. Ауыл әкімі Мұрат Бекмамбетовтың айтуынша, ондағы жұртшылық инфекцияны еңсеру жұмыстарын әлдеқашан бастап кеткен.
– Өткен жылы індет тұтқиылдан келіп, елдің құтын қашырғаны есте шығар. Көптеген жан келместің кемесінен орын тапты, бірсыпырасы ауыр хәлге душар болды. Кейін барлығы басылғандай. Ауыл халқы бір болып, қиын күндерді артта қалдырдық. Алайда соңғы уақытта ауданда ауру жұқтырғандардың саны жаға ұстатарлық. Тәулік сайын саны көбеймесе, азаяр емес. Мұны көрген бойда ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын бастап, бетперде тағып, антисептик пайдаланып жүру қажет екенін айттық.
Сол секілді өткен аптада «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» атты акция ұйымдастырып тұрғындарға санитарлық талаптарды сақтау мен орындауды айтып, тәртіпке шақырудамыз. Осыған байланысты мекеме басшылары, полиция қызметкерімен бірлесіп жұмысшы топ құрылды. Олар ауылдық пошта қызметі мен азық-түлік дүкендері және аудан орталығына қатынайтын маршрут жүргізушілеріне де ескерту жасады, – деді ауыл әкімі.

А.БАҚЫТҰЛЫ
14 сәуір 2021 ж. 2 005 0

Алтынның құны тағы көтерілді

12 желтоқсан 2025 ж. 109

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 217

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 152

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031