Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Уақыт талабы – бұлжымас бағыт

Уақыт талабы – бұлжымас бағыт

Өткен аптада аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебайдың төрағалығымен Қожабақы және Бек­арыстан би ауылы тұрғындары арасында денсаулық саласы жағдайына арналған мәжіліс өткізілді. Оған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мəмбетжан, аудандық аурухананың бас дəрігері Гүлжихан Нысанова, тағы басқа да тиісті дербес бөлім басшылары қатысып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, бүгінде елде тұрмысымызға бірыңғай ұлттық ден­саулық сақтау жүйесін енгізудің кезеңдік қадамдары жалғасуда. Бұл тұрғындарға медициналық қыз­мет көрсетудің сапасын арттыруды көздейді. Осыған сәйкес, ден­саулық сақтау мекемелері жаппай жаңа құрылымдық өзгерістерді бастан өткізуде. 2018-2025 жылдарға арналған «Бірыңғай перспективті жоспарға» байланысты облыстық ден­саулық сақтау басқармасы жанынан жұмысшы тобы құрылды. Бұған дейін олар облыс, аудан көлеміндегі ауылдық елді мекендердегі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауру­­­ханалардың қажеттілігі мен стацио­нарлық төсек орын­дарды күндізгі стационарға ауыстыру мүмкін­дігіне зерделеу жұмыстарын жүр­гізген. Нәтижесінде жергілікті бюджет­тен қаржыландырылатын Қожа­бақы мен Бекарыстан би ауыл­дық ауруханаларынан 12 төсек орынды қысқарту қажет болып отыр.
– Стационарларды ұстап тұруға берілетін қаржы көлемінің 88 пайызға азаюы салдарынан төсек орындарды ықшамдауға мәжбүрлік туындауда. Дегенмен, оның есесіне Қожабақы мен Бекарыстан би дәрігерлік амбулаториясы бойынша күндізгі стационарлық орындар ұлғайтылады. Емдеу мекемелері тиісті маман жəне құрал-жабдықпен толықтай қамта­масыз етіледі. Қызметкерлерге қатыс­ты оңтайландыру жұмысы ҚР Еңбек кодексінің барлық талаптары негізінде жүзеге асады, – деді жиында сөз алған ауданның бас дəрігері.
Оның айтуынша, қаржыландыру медициналық қызметке ақы төлеу әлеуметтік медициналық сақтан­дыру қоры арқылы жүргізіле баста­ғандықтан, жергілікті бюджеттен коммуналдық қызметтерге және ағымдағы жөндеу жұмыстарына ғана ақша бөлінеді. Алдағы уақытта медициналық ұйымдардағы төсек-орындарды қажетінше ұстап тұру, республикалық бюджеттен берілетін қаржы көзі арқылы шешіледі.
Жиын барысында қожабақы­лықтар мен бекарыстанбиліктер күн тәр­тібіндегі мәселені қызу талқы­лады. Олардың ішінде ауру­хана­ның бұрынғы қалпында қалуын сұра­ғандар да болды. Аяқ асты сыр­қаттанғандардың Бозкөлге жетуі қиын­дық келтіретіні де жасырын қалмады.
Уақыт талабы – бұлжымас бағыт. Сондықтан, жиынға қатысушыларға 2019 жылдан бастап ауылдық ауруханаларды жергілікті бюджеттен қаржыландыру тоқтатылатындығы жан-жақты баяндалып, басты себеп­тері ескертілді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
08 желтоқсан 2018 ж. 990 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930