Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қозғалыс қауіпсіздігіне қырағы

Қозғалыс қауіпсіздігіне қырағы

Тәулігіне ең кемі 5-6 ауыр салмақты пойыз жасақталатын станция жұмысы қашан да қауырт. Мұндағы 264 теміржолшы уақытпен санаспай еңбек етуге пейілді. Қызылорда локомотив пайдалану депосына қарасты ТД-23 Қазалы айналым депосындағы машинист-нұсқаушы Ринат Тілеуімбетов өз ісінің нағыз маманы.
– Жүк және жолаушылар тасымалында ­басты міндет – қозғалыс қауіпсіздігін сақтау саналады. Оның аясында күн сайын тиісті жұмыстар жүргізіледі. Жолсапар барысында депо кезекшісі арнайы нұсқаулықтар беріп отырады. Мұнан бөлек жоспарлы тексеріс пен қосымша айлықтар өткізілуде, – дейді Ринат Тілеумбетов.
Қазіргі күні айналым депосы техникалық жылдамдық бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізуде. Оған Қазалы-Қызылорда телімі бойындағы жоғары жылдамдықты теміржолдарда күрделі жөндеу жұмысы жасалып, болатжолдың жаңартылуы септігін тигізуде. Соның нәтижесінде жылдамдықтың барлық түрі, әсіресе, учаскелік қозғалыс жоғарылаған. Бір-бірімен түйіскен тоғыз тораптың баллдық деңгейінің жақсаруы Қазалы станциясында ұзын жылжымалы құрамдардан тұратын ауыр салмақты пойыздарды сапарға шығаруға мүмкіндік беріп отыр. Депо бойынша тасымалдау жұмысының көлемі әрдайым артық орындалуда. Елдің шығысы мен алыс-жақын шет елдерге жүк тасымалдайтын локомотив бригадалары әрдайым үздік көрсеткішке жетуі парыз.
– Депо шаруашылығы бейқамдықты көтермейді. Оның үстіне қазалылық теміржолшылардың жауапкершілігі тіптен жоғары. Әрдайым қырағы болып, қалтқысыз қызмет ету қажет. Жұмыс барысында мүлт кету – үлкен шығын әкелуі мүмкін. Міне, осы орайда локомотив бригадаларының кәсібилігін шыңдау бағытында жұмыстар жүргізіледі. Бұл шаралар инженерлік-техникалық қызметкерлер үшін де маңызды.
Басты мақсат – қозғалыс қауіпсіздігін сақтау, локомотив бригадаларының өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету. Бұл орайда арнайы әзірленген жоспар аясында желі бойындағы қауіпсіздік жұмыстарын сақтауда локомотив бригадалары бойынша арнайы нұсқаулықтар ұдайы өткізіліп тұрады. Қазіргі күні әр айдағы жұмыстар қорытындыланып, сарапталуда, – дейді ТД-23 Қазалы айналым депосының машинист-нұсқаушысы Р.Тілеумбетов.
Ринат Бақытжанұлының айтуынша, ТД-23 Қазалы айналым депосының 110 тепловоз машинисі және тағы осыншама машинист көмекшісі тынымсыз жұмыс істеуде. Жүк тасымалы қарқын алған кезде жұмыс көлемі де арта түседі. Локомотив бригадалары үшін барлық қолайлы жағдай жасалған. Мәселен, облыс орталығында орналасқан деподағы демалыс үйі күрделі жөндеуден өткізілген. Демалыс бөлмесі жолаушылар тасымалы мен жүк тасымалы жүргізушілері үшін жеке-жеке жабдықталған. Қажетті бұйымдар, мұздатқыш түгел жаңартылған.
Қазалыда өткізілетін апта сайынғы тораптық жиындарға арналған мәжіліс залы, тамақтанатын ас үйі мен дәрігерлердің желі бойына шығатын локомотив бригадаларын қабылдау бөлмесі де толықтай жаңартылған. Өндіріс барысындағы жетістікке бұл шаралардың да оң ықпал етері сөзсіз.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
14 сәуір 2021 ж. 1 910 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031