Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көшеттер көптеп егілді

Көшеттер көптеп егілді

Қазалы қаласы бойынша көктемгі тазалық шараларын өткізуді тиімді әрі нәтижелі ұйымдастыру мақсатында қала әкімдігі де жүйелі еңбектенуде. Мұнда барлық 22 мекеме мен басқа да кәсіпорындар қамтылды.  
Арнайы іс-шара жоспары бекітілді. Жоспар бойынша қаланың шет аймағындағы бей-берекетсіз шашылып жатқан күл-қоқыстар жойылды.
Осыған орай 2 сәуірде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар ескерілді. Мекеме, кәсіпорындар тарапынан арақашықтық сақталып, жеке қорғаныш құралдар қолданылды. Бұл ретте «Таза табиғат» акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Мұнымен қоса Қазалы қаласындағы жеке кәсіпкерлер мен жергілікті тұрғындар да аулаларының айналасын ретке келтіруге атсалысты.
– Акция барысында 170 адам сенбілікке қатысып, арнайы 4 техника жұмылдырылды. Бір мезетте трактормен 4 мәрте күл-қоқыстар жинақталып тиісті тұрмыстық қатты қалдықтарды төгетін орынға шығарылды, – дейді Қазалы қаласының әкімі Рахметулла Ізтілеу.
Мекемелер мен кәсіпорындарға Қазалы қаласындағы барлық көшелердің, парктер мен скверлердің тазалықтарын толықтай қамтамасыз ету жұмыстары тапсырылды. Бекітілген іс-шара жоспарында «Ардагерлер алаңы», «Орталық алаң», «Шағала» БСДО-ы, «Ноғай қорымы», «Қазалы қала бағы», «Жеті боздақ қорымы», қаланың төрт бағыты, батыс беткейіндегі «Орыс қорымының» тазалық жұмыстарын толықтай атқару қамтылған.
Бұл ретте осы жылдың ақпан, наурыз айларынан бастап мекемелердің келісімдері бойынша қала көлеміндегі мекеме, кәсіпорын қызметкерлері тарапынан 6 мәрте санитарлық тазалық жұмыстары мен "Мекенім – жасыл орманым" атты ағаш отырғызуға байланысты жалпыұлттық және "Бірге – таза Қазақстан", "Таза табиғат" акциялары ұйымдастырылды.
Көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстары барысында бүгінге дейін жалпы 810 адам сенбілікке қатысып, 34500 тонна күл-қоқыс жинақталып арнайы тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын (полигонға) орынға шығарылды.
Көше бойындағы аяқ су арықтарының 3600 метрі тазаланып, 2600 метрді құрайтын жол жиегіндегі бордюрлер мен 700 ағаштың түптері ақталды. Арықтардың жиектеріне, мекеме аулаларына және "Жасыл белдеуге" жалпы 1000 түп көшет пен қаламшалар отырғызылды.
Сала мамандарының айтуынша, ендігі кезекте қаланың шет аймағындағы тұрғындардың заңсыз тастаған күл-қоқыстарын, қорымдардың айналасын және полигон аумағын тазарту мақсатында техникалар жұмылдырылып, тиісті жұмыстар атқарылатын болады.
Бұған қоса, алдағы уақытта көше бойындағы түнгі жарық шам бағаналарын, аялдамаларды, үгіт-насихат құралдарын және алаңдар мен саябақтардың қоршауларын сырлау жұмыстары жүргізіледі.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА





06 сәуір 2021 ж. 2 357 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 80

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930