Арықтар қоқыстан тазартылды

Дәстүрлі көктемгі жұмысқа мектептің техник қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен ақылы қоғамдық қызметке орай 16 адам тартылған. Трактор тіркемесімен және мектептің "Уаз" автокөлігі ауылдан шыққан тұрмыстық қалдықтарды арнайы жерге апарды.
– Жалпы тазалық жұмыстарын күнделікті бақылаудамыз. Сенбіде арнайы шығатынымыз тағы бар. Көгалдандыру-көркейту істері бойынша сол жағалау магистральды каналы, "Жылуан-2", "Бақы" және "Едірен" арналарының көздері аршылды. Бұл ертеңгі күні ауылды абаттандыруға және аяқсуға қолдануға бірден бір көмек. Шабындық пен жайылымға "Бүркітбай", "Жылуан-1" арнасынан су алынады. Әзірге қажетті су жеткілікті, – дейді Өркендеу ауылының әкімі.
Елді мекеннің Қ.Балтөреев, Қорқыт-Ата, Ә.Тобаев, Сарыкөл, Жанкент көшелері, Орталық саябақ, Жастар алаңы мен мекемелерінің жан-жағы тұрмыстық заттардан тазаланды.
Алдағы уақытта елді мекенді көгалдандырудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес Әйтеке би кентінен ауылға келетін автожолдың екі жағына 1,5 гектар аймаққа «Жасыл белдеу» аймағын құру. Және де Жанкент шаһарына дейінгі жолға "Жасыл белдеу" құру көзделіп отыр.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА