Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бағытын бұрған басқаға

Бағытын бұрған басқаға

Той – қазақтың қазынасы. Осыдан бірер жыл бұрын «Қазақтың тойы бітпесін» деп жүргеніміз есімде. Бірақ өткен жылы Ухань қаласынан шыққан індет тек тойды ғана емес, әлем тіршілігін тұралатып тастағандай болды. Ойын-сауық бағытында жаңадан ашылған кәсіпкерлік нысандар, алып өндірістер тұтынушыларының төмендеуінен тақырға отыра бастады.

Әлі де болса індеттің қайта өршу қауіпі жоқ емес. Соған сай бұқара да кәсіпкерлер де ереңгі күніне күмәнмен қарайтын күнге жетті. Бірақ дағдарысқа дем беріп, қол қусыра қарап отыруға әсте болмайды. Қазалылық кәсіпкерлер де карантиндегі тоқырауда тіршілігіне жан бітіруге тырысып бағуда. Әсіресе, тойханалардың азық-түлікке, тамақтану орындарына айналуы қиын сәтте аудан экономикасына сүйеу болатыны түсінікті.
Бүгінде Қазалы ауданындағы "RR" тойханасы "Мүслім" қоғамдық тамақтану орнына бет бұрды. Карантин режимі жарияланбай тұрып, жылға жуық уақыт бұрын ғана лентасын қиылған салтанат сарайы үшін бұл күтпеген қиындық болғаны рас. Бірақ тығырықтан шығатын жол іздеуден басқа амал болмаған. Бұл туралы кәсіпкер Раушан Қожағұлова айтып берді.
– Жасыратыны жоқ қанша қаражат жұмсалып, енді ғана кіріске қол жеткіземіз деп отырғанда індет алқымнан алды. Жоспарланған тапсырыстардан бас тартып, қабылдамдық. Жағдайдың қайта қалыпқа келіп, байырғы тіршілікке көшеміз деп үміттенгеніміз рас. Осылайша бір жыл уақытымыз босқа кетті. Кейін ахуалдың қалыпқа келгенін күтіп отыру жарамайтынын ұғып, кәсіпкерліктің бағытынын басқа салаға бұру туралы шешімге келдім. Бұл тұста қоғамдық тамақтануды ұйымдастыруды жетік білетіміз көмекке келді. Сөйтіп желтоқсан айының 16-сында қонақ қабылдай бастадық. Ол кезде тойхана толықтай жабдықталып үлгермеген еді. Қазақтың жаңа жылы Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық нақышта сәнделген, қазақи тамақтану орнына бейімдедік. Енді-енді аяққа тұрып келеміз. Жазға жақын аспан астында тамақтану алаңын ашсақ деген ниетіміз бар. Бастысы жан-жағымыз аман-есен індеттен құтылса екен, – деді кәсіпкер. «Мүслім» асханасының тағы бір ерекшелігі ұлттық нақышта жабдықталған. Жүз адамдық тамақтану орны 15 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Бұдан бөлек "Алатау" мейрамханасы осы жылдың наурыз айынан бастап супер маркетке бағытталып, жұмысын жалғастыруда. Аудан орталығындағы "Орда" тойханасы да көпшілікке қоғамдық тамақтану орны ретінде танылып келеді. Мұнда балаларға арналған ойын алаңы бар. Кәсібін өз қаражаты арқылы ашқан Эльмира Шыныбаева 11 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Ақтілеу Бөрқұлақов басқа да тойхана иелеріне ұсыныс жасалғанын айтып отыр.
– Әрине, пандемияның салдарынан жергілікті кәсіпкерлердің басына түскен қиындық бізді де алаңдатты. Біріншіден көптеген іскер азаматтың тіршілігі ақсады. Қарамағындағы қызметкерлер жұмызсыз қалды. Тиісінше кәсіпкерліктің дамуын тежеді. Мұны бір амалын тауып, шешу керек болды. Осылайша ауданда есігіне құлып салынған нысан иелерімен әңгімелесіп, бағытын басқа салаға бұру туралы ұсыныс айттық. Мұны жан-жақты ойлағандар қажеттілік бар бағытта бақ сынап көруде. Бос тұрған басқа ғимараттар да тіршілік көзін іздесе құба-құп болар еді. Осы бағыттағы жұмыты жандандыра береміз, – деді А. Талайлыұлы.
Айта кетейік, коронавирус ахуалы жақсарған тұста елдегі зәулім ғимараттар тойдан басқа бағытқа жаппай көшіп жатыр. Олардың арасында білім беру ұйымына айналғандардың үлесі басым. Билік басындағылар іскер азаматтарды төтенше жағдай жарияланған сәтте де қажеттілігін жоғалтпайтын іспен айналысуға шақырып отыр.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
06 сәуір 2021 ж. 2 248 0

Байқаңыздар, балақай!

28 желтоқсан 2024 ж. 44

Форум: Прогресс һәм жастар

28 желтоқсан 2024 ж. 46

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031