Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 139 503 тұтынушы электр энергиясынан ажыратылды

Қызылордада 139 503 тұтынушы электр энергиясынан ажыратылды

6 наурыз күні кешкі сағат 20.42 – де «КЕГОК» АҚ-на қарасты энергожүйедегі кернеулігі 220 кВ кернеудің күрт төмендеуінен облыс көлемінде электр энергиясының ажыратылуы орын алды.

 Энергожүйесінде орын алған ажыратулардан Қызылордажылуэлектрорталығындағы бу қазандығының қорғаныс жүйелері іске қосылып артық бу ауаға шығарылды. Қызылордажылуэлектрорталығында қондырғылар істен шыққан жоқ.
Салдарынан Қызылорда қаласы және Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Тереңөзек аудандарындағы 139 503  тұтынушылары электр энергиясынан ажыратылды. Сонымен бірге Қызылорда ЖЭО-ның  жылу беру қызметі тоқтап, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 33700 абонент жылусыз қалды. 
Сағат 21.58-де аудандар мен Қызылорда қаласы тұтынушыларына электр энергиясы кезең-кезеңімен беріле бастады. 17 наурыз сағ: 02.21-де аймақ электр энергиясымен толық қамтамасыз етіліп жұмыс штаттық режимге көшті.
Кеше сағат 22.57-де Қызылорда ЖЭО-на  қарасты барлық қазандықтар іске қосылды. Ал 17 наурыз сағат 02.40-та жылу желілерінің гидравликалық және температуралық режимі толықтай қалпына келтірілді.
17 наурыз 2021 ж. 2 220 0

Бүгінгi жаңалықтар

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды