Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақиқат пікірталастан туады

Ақиқат пікірталастан туады

Жуырда аудандық орталықтандырылған кітапхананың coworking залында «Евразия» халықаралық қорының грант иегері, «Дебаттық клубтың жұмысын жүргізу» жобасының авторы, «Сұлу жүректер» жеке қорының басшысы Серік Ерімбетовтің ұйымдастыруымен Қазалы ауданындағы колледж педагог-ұстаздары мен студенттерге арналған семинар-тренинг болып, оның жалғасы жастар арасындағы турнирге ұласты.
Бір күнге созылған шарада түске дейін қатысушылар дебат туралы тың деректермен танысты. Басты мақсаты аудандағы дебаттық клубтың жұмысын үйлестіріп, жастардың пікірталас ойынына деген қызығушылығын оятуға бағытталған семинарға жаттықтырушылар толық дайындықпен келген.
Дебаттың жүргізілу тәртібі, қарсыласты сыйлай білу, эмоциясыз тыңдау және басқа да тақырыптарды қамтыған ойын түрлеріне қатысушылар белсене кірісті. Мұнан кейін олар дөңгелек үстел үстінде логикалық ойлау, тез шешім қабылдау, диалог барысында регламент сақтау мен сын көтеру мәдениеті сынды пікірталас ойынында ойыншылар кеңінен пайдаланатын тақырыптарда өзара ой алмасты.
Аз-кем үзілістен кейін жастар арасындағы турнир басталды. Оған Қазалы аграрлы техникалық колледжі мен Қазалы көлік техникалық колледжі студенттері мен ұстаздарынан құралған «Дивергенттер», «Позитивтер», «Фаворит», «Интеллегент» деген атпен 4 команда қатысты.
Қатысушылар бірінші кезеңде «Пандемия кезінде той жасау қажет дейді» мұнан соң «Вакцина салдыру дұрыс деп есептейді» тақырыптарында пікірталасқа түсті. Турнирде олар семинарда алған білімін барынша қолданып, қызықты ойын өрнегін көрсете білді.
Финалға «Дивергендтер» және «Интеллект» шығып, өзара кім мықтыны анықтауға кірісті. Мұнда «Өмірдегі адам позициясы» тақырыбы талқыға алынып, аргументтері мығым, келтірген дәлелдері пікірталас төрешісінің көңілінен шыққан «Интеллект» тобы бас жүлдені жеңіп алды.
Семинар мен турнирді қорытындылаған Серік Ерімбетов:
– Бүгін белсенді жастардың дебатқа деген құлшынысын байқадым. Бұл қуантарлық жағдай. Семинар қазіргі таңдағы қоғамда аса қажеттілікті талап ететін заманауи тақырыптарды қамтыды деп айта аламын. Турнирге қатысушылар арасында ойынның өту тәртібі, бірін-бірі сыйлай білу, этика сақтау мәдениеті өте жоғары болды. Алғыр жастар бүгін танысқан тақырыптарына қызығушылық білдіріп, нәтиже шығарғаны ойында айқын көрінді, – деген ойын ортаға салды.
Сайыс соңында турнирге қатысқан жастар мен ұстаздар тобы «Сұлу жүректер» жеке қоры тарапынан бағалы сыйлық пен сертификаттарға ие болды.

Ақтілеу ҚАЛДЫБАЙ

06 наурыз 2021 ж. 2 819 0

Форум: Прогресс һәм жастар

28 желтоқсан 2024 ж. 88

Байқаңыздар, балақай!

28 желтоқсан 2024 ж. 88

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031