Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ең танымал әлеуметтік желілер анықталды

Қазақстанда ең танымал әлеуметтік желілер анықталды

Қазақстанда ең танымал әлеуметтік желілер белгілі болды.

 Statcounter Global Stats мәліметінше, 2021 жылдың қаңтарында әлемдегі ең танымал әлеуметтік желі Facebook атанды, оның үлесі 69,8 пайызды құраған. Одан кейін тізімде Pinterest (11,9%), Twitter (9,5%), YouTube (4,9%) және Instagram (2,6%) тұр. Қазақстанда ең танымал әлеуметтік желі ретінде Pinterest (32,7%) көш бастап тұр. Үздік «бестікке» сондай-ақ YouTube (20,4%), «ВКонтакте» (14,9%), Facebook (13,5%) және Twitter (11,3%) кірді. Қазақстандықтар үстел үстіндегі құрылғылар – дербес компьютер, ноутбук және моноблоктарда отырып, ең көп кіретін әлеуметтік желілер – Рinterest, YouTube және «В Контакте». Планшеттерден ең көп кірілетіндер арасында Pinterest, Facebook және YouTube бар, бұл «үштік» сондай-ақ смартфон иелерінің үлкен сұранысына ие, алайда бұл топта YouTube танымалдылық жағынан екінші орынға шыққан. Play Market қосымшалар дүкенінің мәліметінше, Pinterest-тің бүкіл әлем бойынша пайдаланушылары қосымшаны 5 жұлдыздың ішінен 4,6-ға бағалады. Одан кейін тізімде 4,2 жұлдыз жинаған YouTube және Twitter тұр. Facebook 4,1, ал «В Контакте» — 3,4 жұлдызға бағаланған.
02 наурыз 2021 ж. 3 357 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 137

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 124

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30