Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ДДСҰ: Әлемде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

ДДСҰ: Әлемде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша, әлемде (Таяу Шығыс мемлекеттерінен басқа) коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдегені байқалған. Сондай-ақ, әлемде COVID-19 жаңа жағдайларының саны 16% – 2,7 миллионға дейін төмендеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Ғалымдардың пікірінше, қаңтар айының басында вирус жұқтырушылар саны 5 миллионнан асқаннан кейін, бесінші апта қатарынан індет қарқынының төмендегені байқалған. Сонымен қатар коронавирустан қайтыс болғандар саны да азаюда. ⠀
Американдық The New York Times басылымы әлемде және АҚШ-та індет деңгейінің төмендеуінің басты себебі қазіргі кезде адамдардың едәуір бөлігі вирусқа қарсы иммунитетке ие болған деп есептейді.⠀
Аталған жағдайға қарамастан, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері әлем халқын қырағы болуға шақырады – ешкім COVID-19-дың тұрақты төмендеуіне кепілдік бере алмайды. Сонымен қатар, коронавируспен ауырған кейбір адамдар, індеттің жаңа нұсқаларының бірін қайта жұқтыру ықтималдылығы бар.

26 ақпан 2021 ж. 2 743 0

Балалықтың тәтті бояуы

14 тамыз 2025 ж. 191

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031