Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Ойлар заттанады!

Ойлар заттанады!

«Ойлар заттанады» деген қағида жай ғана бос сөз емес, бұл ғалымдар мен психологтар дәлелдеп шыққан факт және ол тартылыс заңымен тікелей байланысты.
Ойланып қарасақ, көбіміз өмірімізде ойларымыз бен армандарымыз орындалған кездерді бастан кешіргенбіз. Мысалы, бір жігіттің назар аударуын қалап жүрген қыз уақыт өте келе ол жігіттің де оған қырындап жүргенін байқаған шығар.
Былай қарасақ, біз өз ойларымыз арқылы барлық ауыртпашылықтар мен қиындықтарды, ауруларды өмірімізге өзіміз тартып аламыз: ақша жоқтығын айтып, әрдайым ақшамыз ештеңеге жетпей жүреді; жеке өмірде жолымыз болмай жүр деп жалғыздықты тартып аламыз; ауырып тұрмын деп түрлі ауруларды жұқтырып аламыз және т.с.с.
Әрине, бұның бәрі жай ғана кездейсоқтық, өмір деуге де болады, алайда ғалымдар адамның ішкі ойлары – қалауларын өмірде іске асыратын магнит іспеттес дегенді жаппай айтуда.
Осыдан келе көптеген психологтар қалауларды іске асыруға көмектесетін түрлі әдістемелер жасап шығарып жатыр. Әдістемелерді дұрыс пайдаланған жағдайда адам уақыт өте келе өзінің армандарын іске асырып, табысқа, махаббатқа, мағыналы өмірге кенеледі.
Бұл қалай іске асады? Ең бастысы қалауларыңыз бен ойларыңызды дұрыстап, ретке келтіру керек екен.
Қалауларыңыздан абай болыңыз!
Өйткені тартылыс заңының бірінші қағидасы дұрыстап тұжырымдалған қалау әрдайым іске асады дегенге келеді. Алайда тез арада емес. Көптеген қыздар байқаған шығар, бір жігітті армандап, оның келгенін күтіп, жылап жүреді, ал уақыт өте келе ұмытып кеткенде, сол жігіт оның өмірінде қайта пайда бола бастайды. Өйткені осы тартылыс заңы арқылы біз оны өмірімізге тартып алдық. Яғни ішкі ойлар ерте ме, кеш пе іске асады деген сөз. Және бұл өмірдің барлық салаларына қатысты: денсаулық, мансап, табыс, махаббат және т.б.
Есіңізде болсын, біздің ойларымыз – біздің қалауларымыз!
Біздің ішкі сезімдеріміз бен ойларымыз қоршаған әлеммен тікелей байланысты, ал ол өз кезегінде кез келген біздің ойларымызды қалау ретінде қабылдайды. Міне, осы жерден көбі жаңылады. Қандайда бір мәселені ойлай берген сайын, өз-өзіңді аяй берген сайын әлем сол біздің қалауымыз деп өміріңіз өзгеріссіз қала береді. Адам жаман ойлауды бір реттен қоя алмайды – көбіне өмірдің сәтсіздігін айтып, жаманшылықты көргенге құмар. Сөйтіп тұйық шеңбер қалыптасады: өмірге шағымданамыз – әлем оны қалауымыз деп ойлайды да іске асырады, одан сайын шағымданамыз – қайта іске асады, сөйтіп кете береді... Және қорқыныш та осыған келеді. Адам қорқыныштарын ойлай берген сайын соған тап болып жатады.
Ойларыңызды дұрыстаңыз!
Ойларымызды дұрыстап, өмірімізді қалай өзгертуге болады деген сұрақ туындайды. Жауабы айқын: қалауларыңызды дұрыс тұжырымдап үйреніңіз. Ал оның алдында ескі, жаман ойлардан арылып алыңыз. Өткеніңізді саралап, ескі қоқыс сияқты лақтырып тастаңыз, болашағыңыз жайлы тек жақсы ойларда болыңыз. Біздің қара түнекке боялған тұжырымдарымыз өмірдегі қиындықтар мен жолы болмаушылықтың кепілі. Өзгеретін сәт жетті!
Қалауларыңызды визуалды елестетіңіз!
Ойларыңыздың заттануына көмектесетін бірден-бір тиімді тәсіл – қалауларыңызды визуалды елестетіңіз! Нені қалайсыз, соны дұрыстап елестетіңіз, оған жеткенде қандай күй кешесіз, бәрін нақты ойластырыңыз.
Армандарыңыз орындалсын!
27 ақпан 2018 ж. 543 0

Бүгінгi жаңалықтар

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031