Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сөредегі бағаның өспегенін қаладым...

Сөредегі бағаның өспегенін қаладым...

Азық-түлік тауарларының қажетті қорлары және бағалары аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі қызметкерлерінің бақылауында. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қадағалау мақсатында бөлім тарапынан күнделікті мониторинг жасалынады. Белгіленген мерзімінде аталған өнімдерге талдау жүргізіліп келеді. Ірі сауда желілерінде өнімдердің толықтығын қамтамасыз ету және бағаны негізсіз өсірмеу жөнінде аудандағы көтерме тасымалдаушылармен келісілді. Елдегі кейбір азық-түлікті өндіруші кәсіпорындар тарапынан біршама қымбаттатуы аудан көлемінде де бағаға едәуір әсерін тигізуде.

Бүгінгі күні әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік өнімдерінің ішінде қарақұмық жармасы, тауық еті, қырыққабат, басты пияз, сәбіз, картоп, құмшекер қымбаттаған. Негізгі себеп – өнімдер бағасы өндіруші кәсіпорындар мен босатушы Түркістан, Қостанай, Ақтөбе, тағы басқа қалалардағы көтерме сауда орындарындағы бағаға байланысты өскен.
Айта кету қажет, аталған өнім түрлері өңірде өндірілу көлемі жеткіліксіз және сырттан тасымалданады. Тиісті мамандардан неліктен тауық жұмыртқасының бір мезетте 30 теңгеден 50 теңгеге бағаланғанын сұрағанымызда:
– Өткен жылы жаппай құс тұмауы таралып, құс басы жойылды. Соның салдарынан өндіріс күрт азайып, республика бойынша жұмыртқаға жетіспеушілік туындады. Осыған орай баға 20-30 процентке өсті. Дегенмен қазір барлық өңірде тапшылық толық жойылды. Десе де 31 теңгеден 45 теңгеге дейін көтеріліп тұр. Бастапқы кездері 55-60 теңге көлемінде ­сатылды, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Аманбай.
Білгеніміздей, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша ауданда 3 әлеуметтік дүкен ашу ұсынылған. Әйтеке би кентінен 2 және Қазалы қаласынан 1 жер телімі белгіленді. «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына құжаттары табысталды. Осы жылдың наурыз айынан бастап құрылысы қолға алынады.
Нұрлан Аманкелдіұлының айтуынша, бағаны тұрақтандыруда «Агро Опт Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сыйымдылығы 500 тонналық көкөніс пен жемістерді сақтауға арналған қойманы іске қосты. Мұнда өнімдер тұрғындарға нарықтан 10-15% төмен бағада сатылуда.
Атап айтқанда, күріш 210, ұн 7500, макарон 240, өсімдік майы 620, қырықабат 85, жуа 75, сәбіз 110, картоп 125 теңгеден саудалануда. Сонымен қатар облыстық тұрақтандыру қоры арқылы Аль-Асад сауда желісі дүкенінде әлеуметтік бұрыш ашылды. Өткен айдан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнім түрлерін халыққа тиімді бағада сатыл уда.
Мұнымен қоса «Агро Опт Сервис» ЖШС алдағы уақытта облыстық тұрақтандыру қоры арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін әкеліп сатуды қолға алмақшы.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

16 ақпан 2021 ж. 2 560 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 26

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930