Есті еліткен есірткі
Есірткі адам бойын тітіркендіретін, қауіпті, әлем дертіне айналған жеркенішті, улы зат. Бүгін де есірткі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Себебі оның таралу жылдамдығы күн сайын артып жатыр. Ал онымен күресуді полиция қызметкерлері мен дәрігер, психологтар іске асырады. Олар тәртіп орнатып, тура жолға салады. Әткенмен бұған көндігуге бастартатындары да бар. Бұл бастартатындарды ессіздер, өз болашағына алаңдамайтындар деуге болады. Біз бұның шешу жолдарын қарастыруымыз керек.
Есірткіні алғаш америкалықтар 1840 жылы өз игіліктері үшін, Цинъ әулетімен соғыста жеңуге қолданған. Цинъ әулетін есінен айырып, өздеріне керек қағазға қол қойғызып алған. Кейіннен оны күйзелістен арылу үшін қолданса, қазіргі кезде рахат алу үшін пайдаланады. Есірткі қолдануға адам қалай душар болады? Біріншіден, есейгенін дәлелдеу үшін, екіншден, күштеу арқылы, үшіншіден, отбасында дұрыс тәрбие мен мейрім жетіспеушілігіне байланысты қолданады. Есейгенін дәлелдеу үшін қолдану себебі, жанындағы жолдастары оны мазақ етеді. Бала оған төзбей есірткіні қолданады, солайша ол өскенін дәлелдегісі келеді. Күштеу арқылы есірткіні қолдану себебі, өзінен үлкен адамдар оны бір рет пайдаланып көруге шақырады, ал ол бас тартса онда балаға қоқан-лоққы жасайды. Жас жеткіншек амалсыздан бұған көндігуге мәжбүр болып ағзасын есірткіге тәуелді қылып алады. Ересектердің балаларды мәжбүрлеуі не себепті деп ойлайсыз? Олар өзінің есірткі саудасын жүргізу үшін жасөспірімдердің санасын, жан-дүниесін улап, есірткіге тәуелді етеді. Ал отбасында тәрбие мен мейрім жетіспеушілігіне байланысты есірткіге қалай ұрынып қалады? Ата-анасы жұмыс басты , ақша табу үшін бар уақыттарын жұмысқа арнайды. Бала тәрбиесі өз жөнімен қалады десек те болады. Бала сол кезде өз еркімен білгенін жасайды. Ата-анасы балам үшін деп ақша беріп, бар жағдайын жасаса, бала интернеттен көргенін істегісі келеді. Интернетте танысқан бөтен жолдастары баланы азғыруы мүмкін. Сол өтірікке алданған баланың санасы уланып қалады. Ал ата-анасының одан хабары болмайды. Осылайша бүтін бір отбасының берекесі кетеді. Осы жағдайды тоқтататын бірнеше тәсілдер бар. Олар арнайы мамандарға жүгіну.
Полиция қызметкерлері, дәрігерлер мен психологтар жасөспірімдердің өмірін жақсарту үшін көп еңбек етуде. Атап айтсақ түрлі байқаулар өткізіп, электронды сауалнамар алынуда. Стaтистикалық мәлімeттер бойыншa, Қазaқстанда нашaқорлардың дeні 15-25 жaс арaлығындағы жастaр екeні aйтылған. Олaрдың көбі бaстапқыда қызығушылықтaн бaстап, кeйін тәуeлділікке ұлaсқаны aйдан aнық. Eсірткіге тәуeлділік адaмды aқыл-eстен aйырып, oлар 12-18 сaғаттан кeйін тaғы дa eсірткі пaйдаланбаса дeнесі тырыcып, көзінeн жaс ағaды. Сондaй-aқ тамaқ ішсe құcып, aсқа тәбeті болмaйды. Жиі іші өтіп, бoйынан cуық тeр шығып, көзі aйналып, мaзасызданады. Бaсы, буындaры aуырып, бұлшық eттері шaншиды. Мұндaй сырқaты бaр адaм, aшушаң, ызaқор болaды. Жүйкесi жұқaрып, aқыл-eстен aйырылып, өзiнің нe істeп жaтқанынан бeйхабар болaды. «Түймeдей зaт түйeдей» бoлып көрiніп, дыбыcтар дa жaңғырып шығaды.
Атaлған aуру бeлгілері пaйда болғaн адaмның ойлaу қaбілеті төмeндейді. Oл aр-ұятты ыcырып, тeк өз тәуeлділігін ғaна ойлaп, ақшa тaбу үшiн ұрлық жасaйды. Осылaйша, бірінeн cоң, бiрі зиянды әрeкеттер жaсап, өз болaшағына бaлта шaбады.
Қоғам байлығы-адам, адам байлығы-денсаулық. Сондықтан да өз денсаулығымызды өзіміз қорғайық. «дені саудың-жаны сау»-демекші қай адамның ауру болғысы келеді? Демек біз бұл есірткіні қолданбай жанымызды сақтасақ, отбасымызды қуантар едік. Біздің полиция қызметкерлеріне, дәрігерлерге берер көмегіміз, өзімізді есірткіден аулақ ұстау. Әр адам осылай көмек берсе, қоғамда үлкен мәселе болып отырған есірткі дауын жеңер едік. Сол үшін мен қазір де, болашақта да есірткіден аулақ боламын. Және бұл туралы өз достарыма да айтып, олардың есірткіден аулақ болуын сұраймын. Мен өмірді сүйемін!
Дәрібай АМАНДЫҚ,
№17 орта мектеп оқушысы
#УПНДПОКЗО