Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуелділік құрдымға апарады

Тәуелділік құрдымға апарады

Адамның өміріндегі ең құнды дүние денсаулық. Адам тек жан дүниесімен және денсаулығымен ғана бағалы. Өмірдегі жолын анық баспаған адам ғана есірткіге тәуелді болады. Кейбірі есіркелеу болып осылайша нашар өмірге қадам басады. Адам ағзасындағы ауру сезгіштік қабілетін жояды және ағзадағы күш қуат едәуір азаяды.
Қазіргі таңда елімізде қазақ баласы бір-біріне есірткі сатып бауырларын нашар хәлге жеткізуде. Біздің Керей, Жәнібектер қазақ хандығын құрған кезде, Қабанбай жоңғарды жайпаған кезде Ойратты өртке ораған кезде кейінгі ұрпақ қасиетсіз дүниеге құмар болсын деп қорғады ма? Кейінгі ұрпақ бейбіт күннің астында тыныш өмір кешіп, елдің туын жықпай, бір-біріне аға болсын деп қалады. Сол үшін спортпен айналысып, білімді ұрпақ болып еліміздің туын жықпайтындай азамат болайық. Жастар заңсыз дүниеге құмартып елге кері әсерін тигізуде. Келешек өміріміз жарқын болып жүру үшін жастарға, ел ағаларына насихат жұмыстарын жүргізу қажет.
Илияс ДИАС,
№17 мектеп оқушысы  
#УПНДПОКЗО
18 қаңтар 2021 ж. 2 453 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930