Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Талғамға талас жоқ

Талғамға талас жоқ

Жақындарыңызға жаңажылдық сыйлық жасау – мерекелік жақсы көңіл-күй сыйлайды. Дей тұрғанмен «Талғамға талас жоқ» дегендей әрқайсысының табиғатына жақын, талғамынан шығатын таралғы беру оңай емес. Сондықтан бұған үлкен жауапкершілікпен қараған жөн. Осы сынақтан тапжылмай өткіңіз келсе, пайдалы кеңестерді қолданып көріңіз.
Дүниедегі ең жақын жандар ата-анаға сый ұсынуда санынан гөрі сапасына мән берген дұрыс. Ең бастысы анаңызға қажетті затын сыйлаңыз. Мәселен, мектепте қызметкер болса, қолға ұстайтын сөмке, қол сағаты, қолғап, мойынорағыш, әтір, жылы орамал берсеңіз болады. Сонымен қатар үйде ортақ тұтынатын зат та үлкен сыйлық саналмақ. Үйге алу керек еді деп көздеген затын алсаңыз, керемет болатыны сөзсіз және өз қолыңыздан жасалған бұйым да көңілінен шығады.
Әкеңізге қырынуға арналған жиынтық, ұстара аспаптарын, жақсы кітаптар, иіс су, әмиян, былғары фотоальбом, қол сағатын әперіңіз. Бастысы оны алып бір бұрышқа қоя салатындай емес, тұтынатын, қажетті затын ұсынған дұрыс. Шын көңілден сыйланған сыйлық әркез бағалы. Ата-әжеңізді де ыстық лебізді тілектер жазылған ашық хат арқылы құттықтап, бір қуантып алыңыз. Үлкен кісілер қабырғаға ілетін отбасылық суретті, қол сүртетін орамал, жылы халат пен жайлы сүйретпеден бас тартпасы анық. Сондай-ақ отбасылық дастарқанда әжеңіз бен атаңызға арнап ән шырқап, өлең оқысаңыз бала көңілді қарттар бір марқайып қалары анық.
Отбасындағы ерекше ыстық жандардың бірі – бауырлар. Оларға сыйлық таңдауда өз талғамыңызға сүйенбеңіз. Сізге ұнамайтын зат әпкеңіз бен сіңліңізге және жеңгеңізге де ұнамауы мүмкін. Сол себепті керегіне жарайтын сыйлық таңдаған абзалырақ. Бұл тұста жас ерекшелікті де ескерген жөн. Мектеп жасындағы сіңліңізге сүйікті авторының кітабын, әдемі мойынорағыш, жылы жемпір тарту етіңіз. Тәтеңізге сүйікті әтірін, косметика жиынтығы, әшекей бұйым, қол сөмке секілді тамаша сыйлықтар жасай аласыз. Анаңыздай жеңгелеріңізге құрбыңыздай қарағандықтан, сыйлықты талғамына қарай таңдаңыз. Жылы орамал, сүйікті әтірі, шыны ­ыдыстар сынды ұнататын кез келген затын әперіңіз. Дегенмен өзінде бар бұйымды қайта бермеңіз. Қандай да бір жанға сыйлықтың ең кереметі – өзіне қажетті бұйымы мен тұтынатын заты.
Аға-ініге шахмат, нарды секілді ойын құралдарын сыйлап қуанта аласыз. Сонымен бірге ағаңызға қырынуға арналған жиынтық, ұстара аспаптарын, иіс су, мойынорағыш, қол сағатын берсе де болады. Ініңіз мектепте оқыса, калейдоскоп, дүрбі, әдеби кітаптар, қойын кітапша ұсынса жетіп артады. Бастысы – шынайы көңіл, сыйлы қарым-қатынас орнату арқылы жақындарыңызға көңіл бөліп, мерекелік қуаныш сыйлағанға ештеңе жетпейді.

А.ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ
31 желтоқсан 2020 ж. 3 800 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 56

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 61

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 47

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930