Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жақсы сыйлық жан жадыратады

Жақсы сыйлық жан жадыратады

Мереке сайын адамдар бір-біріне сыйлық ұсынып, өздерінің ыстық ықыласын танытады. Жаңа жылда да бұл үрдіс жалғасын табады. Әсіресе, балалар мен қыз-келіншектер жағы сыйлық алғанды тәуір көретіні жасырын емес.

Сондықтан қым-қуыт тір­­шілік, жұмысбастылық, әр­қай­­сысы­мыздың бітпейтін шар­уамызға қарамастан, жылда айналып соғатын әр мереке, соның ішінде Жаңа жыл бір сәтке болса да көңіл сергітуге себеп екені рас. Санаулы сағатқа болса да бәрін ұмыттыратын, жақсылыққа ұмтылдыратын бұл күні жақындарыңызға сыйлық жасауға асығыңыздар.

Әрине сіз ұсынған дүние соларды қуантатындай болып жатса нұр үстіне нұр. Мәселен, ата-анаңызға ескерткіш сыйлықтар, киім-кешек сыйлаған жөн. Анаңызға шәлі, орамал алып берсеңіз шаттанып қалатыны анық.

Әйелдердің табиғаты нәзік келетіндіктен олар көп жағдайда сыйлыққа гүл алғанды жақсы көреді. Біздің ауданда мұн­дай тартулардың түр-түрін теміржол вокзалы жанындағы “Нұрай” дүкенінен сатып алуға болады. Дүкен меңгерушісі Думан Нұрылламен тілдескенімізде, бүгінгі таңда гүлдің саудасы қызып тұрғандығын жеткізді. Оның айтуынша, дүкен сөресінде тікелей Голландиядан әкелінетін гүлдің 14-15 түрі бар. Мұны жеке кәсіпкер тұрғындарға қолжетімді бағада әдемі қаптамалармен орап бере алады. Сондай-ақ, қазіргі таңда әлем бойынша трендке енген “Қораптағы аю” деген гүл де табылады. Сонымен қатар, құмырадағы гүл, түрлі-түсті шар, тапсырыспен себеттерді жеміс-жидектермен әсемдеп, жақын-жуықтарыңызға сыйлауға болады.

Бүгінгі таңда шыны керек адамдарды таңқалдыру оңай емес. Дей тұрғанмен жас кәсіпкер Мейірімжан Қаниев ашқан “Ерекше сый” дизайн орталығынан алынған дүниелерді жақын-жуығыңызға тарту етсеңіз, көңілін табасыз. Өйткені осындағы барлық заттардың дені қолдан жасалады.

– Біздің орталықта лазерлік аппарат арқылы ағаштан кез келген формадағы бұйымдарды жасаймыз. Жаңа жылға байланыс­ты шыршаның бейнесіндегі фото салатын рамка бар. Бұл қазіргі таңда тұрғындардың тарапынан жоғары сұранысқа ие. Бағасы да қолжетімді. Бар-жоғы 1200 теңге. Одан бөлек, ағаштан қолдан ойып жасалған қорапшалар, органайзер сияқты заттар да тиімді. Сондай-ақ, біз қол сағаттарға, кубоктарға, фоторамкаларға гравировкамен қолтаңба жазып береміз, – дейді Мейірімжан Тарғынұлы.

Бұл күні қыз-келіншектер де сүйіктілерін қуантуға тырысады. Адамның әр алуан екенін ескерсек, ер адамдардың да көңілінен шығу қиын. Сондықтан әйелдер жұбайларына сыйлықты тал­ғам­мен таңдағаны дұрыс. Ер-азаматтарға жазу үстеліне қажетті керек-жарақты сыйлауға болады. Олар: күнделік, мұқа­басы әдемі қойын кітапша, арнайы тапсырыспен жасалған визиткалар, қаламсап және тағы басқа. Жарының талғамын жақсы білетін әйелдер сыйлық таңдауға қиналмайды. Балық, аң аулауды жақсы көрсе – қолшам, қармақ, шатыр, автоәуесқой болса – көлігіне қажетті керек-жарақ, сувенир, спортшы болса, жаттығу құралдарын ұсынады. Сонымен бірге, иіссу, сағат, әмиян сынды бұйымдар да азаматтардың көңілін қош етері анық.

Ж.СОВЕТҰЛЫ

04 қаңтар 2019 ж. 4 523 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 63

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930