Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Гүл сыйлаңдар әйелге...

Гүл сыйлаңдар әйелге...

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мейрамы. Бұл күні көктемдей құлпыра түсетін сұлулар ер азаматтардан есте қалатын ерекше сыйлық күтетіні анық. Оның үстіне нәзік жандылар қарапайым дүниелерден гөрі ерекше затқа көңіл бөледі. Сондықтан сыйлыққа не ұсынған дұрыс?
Табан тоздырып, не алуды ойлап бас қатырғанымызбен бастысы көңіл екенін ұмытпаған дұрыс. Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, олардың басым бөлігі сәннен қалмайтын гүл мен тәттілерді қалайды екен. Одан кейінгі орында парфюмериялық заттар болса, тосын сыйды жанына жақын санайтындар да жоқ емес. Құрметті оқырман сіз анаңыз бен жарыңызға және қарындас, әпкеңізге қандай сыйлық алғанды жоспарлап отырсыз?
Аудан көлемінде мереке күні қажетті заттарды алатын таптырмас орындар өте көп. Соның бірі – жақында ғана тұсауы кесілген «Mishki Khan» гүлдер орталығы. Аз уақыт ішінде көптің сұранысына ие болған мұнда онға жуық гүл шоқтарының түрі бар. Ол аз десеңіз, сыйлыққа ыңғайлы өзге де қажеттілерді осы жерден таба аласыз. Осы тұрғыда орталықтың гүл сатушысы Мұрат Байжахан:
– 1 қыркүйек пен 8 наурыз халықаралық әйелдер күнінде біздің саудамыз жүріп, қалтамыз қалыңдайды. Әсіресе көпшілік қыз-келіншектер мерекесінде гүл шоқтары мен бөлме гүлдері және жұмсақ қонжықтарды алады. Одан бөлек заттарға тапсырыс беріп, әкеліп қоюды сұрайтындар да бар. Мерекеде ішке келген жігіттер қауымының көпшілігі хош иісті гүлдерді 101 данадан алып, аяулы аналарын құттықтауға асығады. Бастысы мейрамда тұрғындарға қажетті заттардың барлығын біздің орталықтан таба аласыз, – деді.
Егер мерекеде сыйлық таңдауға бас қатырып жүрген болсаңыз төмендегі біз ұсынған нұсқалармен танысып шықсаңыз артық етпейді.
Ғасырлар бойы әйел затының ажырамас серігі, сұлулығының дәнекері әшекей бұйымдар сәннен қалған емес. Оған қоса алтын немесе күмістен жасалған гауһар тастары бар сақина, сырға, алқа, білезік те тапсырысты көбейтеді. Егер қымбат дүниелерді қалтаңыз көтермесе парфюмериялық заттарға назар салғаныңыз жөн. Бағасы қолжетімді бұл сыйлықтардан әйелдер бас тарта қоймайды. Егер өздері ұнататын фирманың тауары болса тіпті керемет. Мереке қарсаңында аналарға сөмке мен әмиян тарту еткен ыңғайлы. Сол үшін бұларды алғанда ойланбасаңыз да болады. Тек, мұқият болыңыз. Әмиян ішіне ақша салып беруді ұмытып кетпеңіз.
Әйелдердің ерекшелігі – ас үйге жақын болуында. Сондықтан ханшайымдарға 8 наурыз күні кез келген асхана жабдығын сыйлаған дұрыс. Бүгінде сүйіктісіне соңғы үлгідегі смартфон алып беру сәнге айналған. Оның құнды сыйлық болатыны анық.
Әйелдер мерекесінде кешкі ас ұйымдастыратын жігіттер қатары да жоқ емес. Арнайы мейрамханаларға тапсырыс беріп, екі адамға таңғажайып дастарқан дайындау өте орынды болып табылады. Әдетте бұл жағын енді шаңырақ көтерейін деп жүрген азаматтар әзірлеп, романтикалық кеш деп атап кеткен.
Айтулы күнде қандай сыйлық сыйлаған маңызды емес. Бастысы, шын көңілмен ұсынсаңыз болғаны.
Абзал ЖОЛТЕРЕК
07 наурыз 2020 ж. 2 081 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930