Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа жылдан бастап «Бал декор» кілемшелері сатылымға шығады

Жаңа жылдан бастап «Бал декор» кілемшелері сатылымға шығады

Кілемге суретті кез келген дизайнмен басып шығаруға тапсырыс бере аласыз. «Бал декор» принт кілемдер зауыты - Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында іске қосылған өндіріс ошағы. Түркия технологиясымен жабдықталған. Жылына 400 мың шаршы метр кілемше шығаруға қауқарлы, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өнімдердің сапасы жоғары, еденде таймайды және кір жуатын машинада жуа беруге болады. Тағы бір ерекшелік, кілемге суретті кез келген дизайнмен басып шығаруға тапсырыс бере аласыз. Жаңа кәсіпорынның өнімдері жаңа жылдан бастап қазақстандық нарыққа жол тартады. Одан соң Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан елдеріне экспортталады деген жоспар бар. Айтып өтейік, әзірге мұнда 20 адам жұмыс істейді. - Қазақстанда кәсіпкерлікпен айналысуға және жаңа өнім өндіруге көп жағдай жасалған. Кедендік салықтар мен құжаттарды рәсімдеуді ыңғайластырылған. Қала әкімдігі экономикалық аймақтан 1,5 гектар жер бөлінуіне қол ұшын берді. Көктемде құрылыс жұмыстары басталады. Өз зауытымыз аяқталған соң біз өндірістің екінші және үшінші этапын бастаймыз. Яғни, қазіргі кілем қалдығынан жастық және көрпе өндіруді жоспарлап отырмыз, - деді кәсіпорын басшысы Огуз Дурру.

22 желтоқсан 2020 ж. 2 227 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930