Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрбан шалуға онлайн тапсырыс беретін сайт ашылады

Құрбан шалуға онлайн тапсырыс беретін сайт ашылады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Qurban2020.muftyat.kz сайты іске қосылады.

Бұл жөнінде діни басқарманың ресми сайтында хабарланды. Аталған сайт арқылы Сіз ешқайда бармай, құрбандық шалуға онлайн тапсырыс бере аласыз. Жұмыстың атқарылу барысы туралы тапсырыс берушіге мағлұмат беріледі. Ең алдымен қазіргі пандемия жағдайында Сіз ешқандай байланысқа түспей, құрбандығыңызды қашықтан шалуға мүмкіндік жасалмақ. Qurban2020.muftyat.kz деп аталатын сайт жақын күндері толығымен іске қосылады. Ал сайтты техникалық бақылау ҚМДБ-ның «Зекет» қорына тапсырылды. Жаңа сайттың тағы бір артықшылығы - мұнда құрбандыққа шалынатын төрт түлік бағасымен қоса көрсетіледі. Сол жерден қажетті малды таңдап, тапсырыс бере аласыз. Ал сойылған малдың еті түгелдей қайырымдылыққа, яғни мұқтаж жандарға үлестіріледі.


17 шілде 2020 ж. 1 072 0

Жас көшбасшы – ел үміті

28 наурыз 2026 ж. 78

Триумф төрінен табылған

28 наурыз 2026 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031