Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Пластик бөтелкелерден тоқыма талшықтары жасалады

Пластик бөтелкелерден тоқыма талшықтары жасалады

Түркістан облысында ПЭТ бөтелкені қайта өңдеу және штапельдік талшық шығару зауытының құрылысы аяқталды.
Түркістан облысында полиэтилентерефталатты (ПЭТ бөтелке) қайта өңдеу және штапельдік талшық шығару зауытының құрылысы аяқталды. Зауыт толықтай іске қосылған кезде 250-ден астам жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы invest.gov.kz-ке сілтеме жасап.
Жобаны іске асырудың инвесторлары — қазақстандық GreenTechnology Industries компаниясы мен Hong Kong General Industry And Commerce Co Ltd (ҚХР) шетелдік серіктес компания. Қазіргі таңда зауытта ПЭТ қалдықтарды жуу, кептіру және бөлшектеу бойынша өндірістің бірінші кезеңі іске қосылды — 73 адам жұмыс істеп жүр. Бүгінде компания келесі кезең — штапельдік талшық шығаруды ұйымдастыруды қолға алды. Ресми статистика бойынша, жыл сайын Қазақстанда 5–6 млн тонна қатты тұрмыстық қалдық (ҚТҚ) жиналады, оның шамамен 150–200 мың тоннасын ПЭТ қалдықтар құрайды. Сонымен қатар, ҚТҚ-ның тек 3–5% қайта өңделеді немесе кәдеге жаратылады.
«Аталған жоба Қазақстанда алғаш рет ПЭТ қалдықтар дайын өнім – штапельдік талшық шығаруға жұмсалатындығымен бірегей. Синтетикалық талшықтың бұл түрі мыжылмайды, күйіп кетпейді және көп уақыт бойы беріктігін сақтайды, гипоаллергенді қасиетке ие. Одан жасалған заттар қолмен ұстаған кезде жағымды, оңай жуылады. Сондай-ақ, өнім құрылыс қоспаларында қолданылатын болады, осылайша құрылыс жұмыстарының сапасын жақсартуға жол ашады», — деді GreenTechnology Industries атқарушы директоры Клара Әбдірахманова.
Бұдан өзге, полиэфирлік талшықтардан 3D принтерде басып шығаруға пайдаланылатын филаментке арналған (1,75 немесе 3 мм пластмасса жіп) материал жасауға болады. Жобаның жалпы құны — $20 млн. Жыл сайын зауытта 50 000 тонна дайын өнім шығарылады деп жоспарланған.
23 тамыз 2018 ж. 1 923 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 146

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031