Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан канадалық профессорды несімен таңқалдырды

Қазақстан канадалық профессорды несімен таңқалдырды

Елімізде бес жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан канадалық профессор Жан-Франсуа Карон Қазақстанның шетелдікке несімен қызықты екенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірініші" арнасына сілтеме жасап. 
Жан-Франсуа Карон елімізге 2015 жылы Канададан келіп, Назарбаев университетінде саясаттану пәнінен сабақ бере бастады. Профессор Карон осында тұрып жатқан уақытта жергілікті дәстүрлерді түсініп қана қоймай, оларды қуана-қуана қабылдай бастаған.
"Қазақ мәдениетінде маған ұнайтын басты нәрсе - отбасының маңыздылығы. Алғашында мен үшін мұнда адамдардың қарт ата-анасымен бірге тұратынын және оларға қамқорлық жасайтынын білу қызық болды. Өкінішке қарай, бұл Канадада жоқ. Және бұл - ұят! Солтүстік Америкадағы адамдар қарттықты жалғыз өзі өткізеді.  Ал сіздер ешқашан ата-анаңызды жалғыз өмір сүруге, жалғыз өлуге қалдырмайсыздар", - дейді Назарбаев университетінің профессоры Жан-Франсуа Карон.
Канаданың тумасы қазақ қызына үйленген. Ол болашақ әйелімен кафеде кездейсоқ кездескен. Қазір Жан-Франсуа мен Венераның екі баласы бар – Мари Габриэль және Элизабет. Қазір олар-жергілікті әдет-ғұрыптарды білетін қарапайым қазақстандық отбасы. 
"Анам дәстүрлі бешбармақ дайындады, ол осындай дәмді тағамнан кейін қалай алғыс айтуды сұрады. Біз оған: ас болсын, рақмет, ас болсын дедік. Содан кейін, бірнеше күннен кейін ол университетке жұмысқа барғанда, лифт есігін ұстап, әріптестерінің біріне көмектескен. Ол "рақмет" деп айтқан, ал Карон "ас болсын" деп жауап берген", - деп қызықты сәттерді еске алды профессордың жары Венера Карон.
21 желтоқсан 2020 ж. 2 115 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031