Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Назарбаев университеті элиталар не байлар үшін ашылған жоқ": Елбасы оқу орны жайлы сын айтқандарға жауап берді

"Назарбаев университеті элиталар не байлар үшін ашылған жоқ": Елбасы оқу орны жайлы сын айтқандарға жауап берді

Назарбаев универитетіне тек біліммен түсуге болады. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
Фото ҚР президентінің сайтынан

Назарбаев оқу орнының түлектеріне диплом табыстау рәсіміне қатысты, деп жазады Sputnik.

"Бастапқыда бұл идеямызға ешкім сенбеді. Бұл Назарбаев университеті тек байлар мен элиталардың ғана ордасы деген әңгіме айтылып жүр. Бірақ сіздер бұл сөздің жалған екенін дәлелдейтін шәкіртсіздер. Әрбіріңіз мұнда тек біліммен келуге болатынын айта аласыздар", - дейді елбасы.

Елбасы оқу орнына түсу үшін барлық өңірде Назарбаев интеллектуалды мектебі ашылғанын атап өтті.

"Алыс ауылдардан келіп Назарбаев мектебінде оқитын балалар бар. Сол мектептің түлектері сіздердің оқу орындарыңызға келеді. Ол мектеп жайлы да сын айтатындар бар. Бұл мектеп еліміздегі ең транспарентті оқу орны. Барлық жерде солай болғанын қалаймын", - деді Назарбаев.

Назарбаев университетінің ашылғанына 9 жыл өтті. Сол уақыт аралығында мемлекеттік басқару, медицина, өзге де салалар бойынша Қазақстанның брендіне айналды.

"Жоба Қазақстанда ғана емес, посткеңестік елдерде де көш бастап тұр. Сіздер осындай білім ордасында оқыған ең бақытты жастарсыздар", - деді елбасы.

31 мамыр күні Назарбаев университетінде 900-ден астам түлек диплом алды. Оларды құттықтауға Қазақстанның тұңғыш президенті арнайы келді.
01 маусым 2019 ж. 1 665 0

Табысты тағамнан тапты

01 қараша 2025 ж. 144

Кәсіптің көзі – күріште

01 қараша 2025 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930