Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қанда бар қамқорлық

Қанда бар қамқорлық

Әлем мен елдегі ахуалды айтпағанда, жалпы аудан көлемінде жаз айларында енгізілген, ішінара әлі де жалғасып келе жатқан шектеу шарасы қай салаға да әсерін тигізгенін жоққа шығара алмаймыз. Бірақ көпке ортақ күрмеуі қиын сынақты кезеңде де қазағымыздың қанында бар қамқорлық бір сәт те толастаған емес.

Жақында ғана бір баласы бар, өзі бірінші топ, әйелі екінші топ мүмкіндігі шектеулі С.Шайховтың отбасына тұрмыстық табиғи газ кіргізіп беру мәселесімен Қазалы ауданының әкімі М.Н.Ергешбаевтың қабылдауына кірген болатынмын. Аудан әкімінің тиісті сала басшыларының басын қосып жедел тапсырма беруінің нәтижесінде демеуші де табылып, мұқтаж отбасының шаңырағы табиғи газ желісіне қосылып, қуанышқа кенелді.
Демеушілік жасаушы Ғ.Мұратбаев ауылын табиғи көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмысын жүргізген «КазЭнергоПроектСтрой» серіктестігі екенін сұрастырып, мән-жайға қанықтым. Серіктестік директоры Ардақ Алтынбекұлының сөзінен жұмыс көлемінің шағын тақырып аясына сыймайтын ауқымды екені түсінікті болды.
Тек соңғы екі ай көлемінде ғана Ғ.Мұратбаев ауылындағы бес мемлекеттік мекеме, оның ішінде ауылдық «Қуандық әулие» мешіті бар, бес тұрмысы төмен отбасына демеушілік арқылы газ желісін тегін тартып беру туралы серіктестік ұсынысының тең жартысы орындалғаны белгілі болды. Әйтеке би кентінің тұрғындары, ҰОС ардагері Т.Тобабергеновтің, жалғызбасты ана Р.Керимбекованың тұрғын үйіне тегін газ желісін кіргізіп бергені, қарттар күні мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар күніне орай бір топ қария мен ДЦП диагнозы бар балаларға азық-түлікпен жәрдемдесіп, «КазЭнергоПроектСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақты сәттерде қызмет пен қай заманнан да қазақтың қанында бар қайырымдылықты қатар алып жүргені жүрекке жылылық ұялатты.
Әлімжан ҚИЯС
08 желтоқсан 2020 ж. 1 132 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930