Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда мұнай-газ кешенінің қызметкерлері марапатталды

Қазалыда мұнай-газ кешенінің қызметкерлері марапатталды

Елімізде жыл сайын қыркүйек айының алғашқы жексенбісінде мұнай-газ кешені қызметкерлері күні аталып өтіледі. Осыған орай бүгін Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында бірқатар сала мамандары марапатталды.

Басқосуда аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай мұнай-газ кешені қызметкерлерінің аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері зор екенін айтып, кәсіби мерекемен құттықтады.
– Біздің қазыналы Қазалы жерінде де газ саласының қызметкерлері аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлестерін қосып келеді. Соның нәтижесінде Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентіндегі тұрғын үйлердің 85 пайызы табиғи газ желісіне қосылған.
Биыл «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасымен Ғ.Мұратбаев ауылына газ апаруға қажетті қаржы қаралды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, Қазалы қаласын газдандыру жұмыстарын бастауға аудандық бюджеттен 3,7 млн теңге бөлініп, сатып алу процедуралары жүруде, – деді аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Бақтығалиұлы.
Мұнан соң бір топ сала қызметкерлеріне аудан әкімінің «Алғыс хаты» тапсырылды. Сондай-ақ, мерекелік жиында құрылысшылар мерекесі қарсаңында «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен марапатталған ардагер құрылысшы Кеңес Бабанаевқа наградасы табысталды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
05 қыркүйек 2020 ж. 1 224 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031