Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр өңіріндегі серпіліс

Сыр өңіріндегі серпіліс

Кеше ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Президенттің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» Жолдауының Қызылорда облысында жүзеге асырылуы және өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәлімдеді.
Аймақ басшысы негізгі тірек салалардағы даму көрсеткіштерге тоқталып, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын баяндады. Облыс әкімі:
– Президент қабылдаған шешімдердің арқасында негізгі басымдыққа ие салалардағы көрсеткіштердің төмендеуіне жол берген жоқпыз. Мәселен, өңдеу өнеркәсібінде өнім өндіру осы жылдың 9 айының қорытындысымен 3,5%-ке, ауыл шаруашылығында 3,1%-ке артты. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5,4%-ке өсті. Мұнай көлемін арттыру мақсатында Шу-Сарысу шөгінді бассейнінің жер қойнауын зерттеу бойынша жұмыстар басталды, – деді.
Индустрияландырудың үшінші бесжылдығы аясында өңірде құны 554 миллиард теңгеден асатын 26 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл шамамен 7 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Бағдарлама аясында Арал ауданында тауарлы балықты терең өңдеу цехы іске қосылды. Осы жылдың соңына дейін ауданда тағы бір балық өңдеу зауытын және кварц құмдарын байыту бойынша тау-кен байыту комбинатын енгізу жоспарлануда.
Ірі зауыттардың айналасында ілеспе өндірістер құру мәселесі пысықталуда. Атап айтқанда, келесі жылы іске қосу жоспарланып отырған шыны зауытының маңайында кемінде 8 өндіріс құру көзделген.
Мұнан соң спикер биыл күріштің әр гектарына 61,8 центнерден өнім алынды. Қамбаға 550 мың тоннадан астам өнім жиналып, жоғары көрсеткішке жеткендерін айтты. Сыр елінен алғаш рет Германияға 420 тонна қамыс, Ресейге жаңа піскен қызанақ пен мұздатылған көкөніс жөнелтілді. Жалпы әлемнің 17 еліне ауыл шаруашылығы өнімдерінің 11 түрі экспортталған.
Облыста күріш дақылдарын тұрақтандыру және суды аз қажет ететін дақылдарды кеңейту туралы шешім қабылданды. Қазіргі заманғы суару жүйелеріне: аквагельдерге, жаңбырлату, тамшылау жүйелеріне назар аударылады. Жаңақорған ауданында алғаш рет аквагельдерді пайдалана отырып, күздік бидай 80 га егілді, бұл орта есеппен 18 ц/га жинауға мүмкіндік берді.
Көлемі 2,3 миллиард текше метр 6 су қоймасын салу жоспарлануда. Сонымен қатар Қызылорда және Әйтеке су тораптарын қайта құру, Жиделі су қоймасын жөндеу, Жалағаш ауданындағы ирригациялық және дренаж жүйесін жетілдіру бойынша ірі жобаларды іске асыру басталған.
Сыр өңірінде ірі қара мал басы – 4,4-ке қой мен ешкі – 5,5, жылқы – 8,5, түйе – 5,3 процентке өсті. Шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту мақсатында пайдаланылмайтын жайылымдарда 452 су көзін жөндеу жоспарлануда. Бұл шамамен 7 миллион гектар жерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы қабылданды, оны іске асыруға 28 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отыр. 2030 жылға дейін бағдарлама шеңберінде 55 тауарлы балық, 10 тоған және 4 тор шаруашылығы құрылмақшы.
Сондай-ақ аймақ басшысы:
– Бизнес-әлеуетін арттыру үшін 2023 жылға дейінгі экономикалық даму Картасы әзірленді, оның шеңберінде жалпы сомасы 270 миллиард теңгеге 265 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл 4600-ден астам тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Биыл 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 110 жоба іске қосылды. Бизнеске көпбалалы аналар да тартылуда. “Еңбек” бағдарламасы бойынша бизнес-идеяларды іске асыруға 602 көпбалалы ана грант алды, – дегенді атап өтті.
Әкім карантиндік шектеулер кезінде шамамен 54 мың кәсіпкер салық жеңілдіктерін алғанын және 8,5 мыңнан астамы МӘМС төлеуден босатылғанын атап өтті.
Айтуынша, 9 мың сауда алаңы 700 миллион теңгеге жуық сомаға жалдау төлемдерін төлеуден жеңілдік алса, жыл соңына дейін мемлекеттік меншікті жалға алатын 194 ШОБ субъектісі де босатылған.
Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру нәтижесінде жыл басынан бері 19 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды, оның 14 мыңы тұрақты жұмыс орындары. Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 277 инфрақұрылымдық жобаны іске асырудың арқасында 9,5 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылған. Жұмыссыздық 4,9% деңгейінде сақталуда.
Аймақта COVID-тің екінші толқынына дайындық жұмыстары күшейтілді. Қажеттілігіне қарай 21 инфекциялық стационарда 3200 төсек орнын дайындауға мүмкіндік бар. Үй жағдайында амбулаториялық қызмет көрсететін 138 медициналық мобильді топ және санэпид талаптарының сақталуын бақылайтын 24 мониторингтік топ жұмыс істейді. 3600 медицина қызметкерінен кадрлық резерв қалыптастырылыпты.
Осы орайда Г.Наушақызы:
– Індетпен күресу үшін өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппаратын 244-ке жеткіздік. 9 ПТР, 60 рентген аппараты, 682 оттегі концентраторы бар. Сонымен бірге дәрі-дәрмектің екі айлық қорын жасақтадық. Тұрақтандыру қоры арқылы дәрілік заттарды алуға 488 миллион теңгеге қаржы бөлдік. 200 төсектік жаңа модульдік инфекциялық аурухананың құрылысы аяқталады, көпбейінді облыстық ауруханада оттегі станциясы салынған. Аталған станцияның құрылысы Қазалы ауданаралық ауруханасында да аяқталуда, – деді.
Бүгінгі таңда 300 мектептің 121-і дәстүрлі режимде жұмыс істейді, 2000-нан астам кезекші топ ашылды, онда 40 мыңнан астам бала оқиды. Апатты мектептердің орнына 3 жаңа мектеп салынуда. Жеке инвесторлар есебінен 300 және 500 орындық тағы 2 мектептің құрылысы жүруде.
Өңір басшысы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелеріне де тоқталып өтті.
– Облыста 1946 пәтерлі 98 тұрғын үй салынуда, оның ішінде 696 пәтерлік 74 үй жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Байқоңыр қаласында Қазақстан азаматтары үшін тұрғын үй салу практикасын жалғастыру және 2021 жылы бес 50 пәтерлі үйдің құрылысын бастау жоспарлануда.
Облыс халқының 97% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, 63% табиғи газды тұтыну мүмкіндігіне ие. Жыл соңына дейін мұндай мүмкіндікті халықтың 70% алады. Сонымен қатар 498 шақырымнан астам автожол, көше мен көпір жөнделді.
Спорт саласында жыл соңына дейін бюджет есебінен тағы 12 жаңа нысан салынады, оның ішінде байдарка мен каноэде есу базасы бар. МЖӘ аясында 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда.
Алғаш рет “Абай” операсы қойылды, онлайн форматта 2000-нан астам мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Бүгінде 700-ге жуық еріктілердің қозғалысы бар, олар жалпы алғанда 1000-нан астам бағдарлама дайындады. ТЖ және карантиндік шектеулер кезеңінде 42,5 мың теңге мөлшерінде 536 мыңнан астам әлеуметтік төлем жүргізілді. “Birgemiz Qyzylorda” өңірлік қоры арқылы 24 мыңнан астам отбасына 50 мың теңгеден төленді.
Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын, Ұлық Ұлыстың 750 жылдығын, Ұлы Абайдың 175 жылдығын, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу аясында онлайн форматта 2000-ға жуық іс-шара өткізілді. “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында ежелгі Бабиш-Мола, Жанкент, Сығанақ қалашықтарында тарихи-археологиялық зерттеулер жүргізілді, – дегенді тілге тиек етті.
Брифинг соңында Гүлшара Әбдіқалықова журналистердің сұрақтарына жауап берді.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
24 қараша 2020 ж. 538 0

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 33

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031