Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаржыгерлерге құрмет көрсетілді

Қаржыгерлерге құрмет көрсетілді

15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіптік мерекесі. Өткен аптаның жұма күні аудан басшылығы аталған сала мамандарын мерейтойымен құттықтауды ұмыт қалдырмай, салтанатты шара өткізді. Оған аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қатысып, қаржыгерлерді мерекемен құттықтады.

– Тәуелсіздік алғаннан кейінгі біздің негізгі жетістігіміздің бірі ұлттық валюта – теңгенің пайда болуы. Қазір валютамызды көптеген мемлекеттер біледі. Біздің теңгеміз өзінің дизайны жөнінен дүниежүзіндегі мықты валюталардың бірі болып есептеледі.
Қаржыгерлердің ең негізгі міндеттерінің бірі – мемлекеттің ақшасын дер кезінде жинап, тиімді пайдаланып, ел экономикасының дамуына жұмыс істеу. Бүгінде осы салада еңбектенген қаржыгерлер аудан дамуына өз үлесін қосуда. Сондықтан бүгінгі мерекеде барлық қаржы саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Еңбектеріңізге табыс, дендеріңізге саулық тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болсын! – деді аудан басшысы.
Құттықтау сөзінен кейін Мұрат Нәлхожаұлы бір топ қаржыгер мен банк қызметкерлерін облыс және аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Олардың қатарында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалының бас менеджері Қанат Сүйеубаев, аудандық қазынашылық басқармасының бас маман-бас қазынашысы Жаңылған Құлниязова, аудандық қаржы бөлімінің бас маманы Айгүл Досанова, «Ақкөгершін» бөбекжай балабақшасының есепшісі Райхан Сариева, «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ Қазалы филиалының бизнесті дамыту менеджері Шамшырақ Оспанова, Тасарық ауылдық округі әкімі аппаратының есепшісі Ербол Байғара, «КМF Микро қаржылық ұйым» ЖШС-нің Қазалы аудандық бөлімшесінің несие сарапшысы Нұрқәділ Құдайберген, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қазалы аудандық бөлімшесінің аға менеджері Аманкүл Ерқожақызы, «Ақбота» бөбекжай балабақшасының есепшісі Гаухар Жұмағамбет, аудандық эконмика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің әдіскері Ақнұр Нұрғали бар.
Шарада сондай-ақ қаржы саласының ардагері Анаркүл Әлнияз жиналғандарға лебізін білдіріп, қаржыгерлерді мерекелерімен құттықтады.
– Әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарынан Қазақстанның лайықты орын алуы мақсатында Ұлттық валюта тұрақтылығын көрсетіп келеді.
Осы ретте сіздердің жұмыстарыңызға келешекте де Қазақстан экономикасының қаржы әлеуетін дамытуға және күшейтуге, әрі кәсіпкерлік секторының қаржы жағынан ырысты-берекелі болуына мүмкіндік туғызуға бағытталуына тілектеспіз.
Атаулы күн қарсаңында қаржы ісінің барлық қызметкерлерін, осы маңызды саланың өсіп-өркендеуіне атсалысқан ардагерлерді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, отбасына амандық, мол табыс және қызметте үлкен жетістік тілегім келеді, – деді Анаркүл Әлнияз.
А.БАҚЫТҰЛЫ
17 қараша 2020 ж. 1 099 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930